Құрбан айттың үшінші күні 81 отбасы, 5 мекемеге 2 жарым тоннадан астам құрбандық еттері таратылды
Бүгін Құрбан айттың үшінші күнінде ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Хазіреттің бастамасымен іске асып жатқан «QURBAN-2026» қайырымдылық акциясы аясында Ақтөбе облысы өкілдігі бойынша 81 отбасы, 5 мекемеге 2 жарым тоннадан астам құрбандық еттері таратылды.
Облыс бойынша онлайн форматта 12 қой, ал офлайн форматта 112 қой, сондай-ақ офлайн форматта 1 ірі қара құрбандыққа шалынды.
Биылғы құрбандық шалу үрдісі де қашықтан және офлайн түрде ұйымдастырылып, qurban.muftyat.kz сайты арқылы жүзеге асты. Атап айтсақ, қашықтан онлайн құрбандық шалуға ниет білдіріп, аталған сайт арқылы мал түрін таңдап, ақшасын аударған жандардың шалған құрбандықтары, сайт арқылы өтінім берген мұқтаж отбасыларға жеткізілуде. Сонымен қатар арнайы курьерлік қызметпен жеткізілген құрбандық еттерін алған қала тұрғындары «QURBAN-2026» онлайн қайырымдылық акциясын өткізуге атсалысқан жергілікті билік мен облыс, қала, аудан мешіттеріне, жомарт жандар мен еріктілер тобына алғыс білдіріп, Алланың ризалығы мен сауабын тіледі.
Алла Тағала ізгі ниетпен шалған құрбандықтарымыз бен дұға-тілектерімізді қабыл етсін!
Үш күн бойы Ақтөбе қаласы бойынша 41 разъезд мекен-жайы бойынша орналасқан «Айбек» СТК (41 разъезд 06), «Дала ел» ЖШС мал базары (четный квартал 178, участок 14) және ЖШС «Кайрат 2024» (Жанақоныс 640) құрбандық малын сою орнында шалынды.
Еске салсақ, Ақтөбеде Құрбан айттың бірінші күні 914 қой мен 27 ешкі және 39 ірі қара малы құрбандыққа шалынып, жалпы 3205 отбасы мен 5 мекемеге құрбандық еттері таратылды. Екінші күнінде 176 мал құрбандыққа шалынып, 5440 келі ет 365 отбасыға үлестірілді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі















































