#Иманижаз2025 : Шәкірттерге балмұздық таратылды
Хромтау аудандық «Нұр» мешітінде өтіп жатқан «Имани жаз-2025» жазғы сауат ашу курсының шәкірттеріне балмұздақ таратылды.
Хромтау аудандық «Нұр» мешітінде өтіп жатқан «Имани жаз-2025» жазғы сауат ашу курсының шәкірттеріне балмұздақ таратылды.
Бүгін Құрбан айттың үшінші күні «Зекет және қайырымдылық» қорының Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілі Алмат Әли және еріктілер тобы былтырғы және биылғы Рамазан айында «Ел үлесі пәтерге» жобасы аясында баспана сыйлаған отбасыларға арнайы зиярат жасады.
Құрбан айт – қайырымдылықтың мерекесі. ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бастамасымен іске асып жатқан «Qurban 2025» қайырымдылық акциясы аясында Ақтөбе облысы өкілдігінде Құрбан айтың үш күнінде 56 ірі қара, 703 қой, 6 ешкі құрбандыққа шалынып, аз қамтылған, көп балалы, мүмкіндігі шектеулі 2418 отбасы мен 9 мекемеге 28 тонна, 1611 кг таратылды.
ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бастамасымен іске асып жатқан қайырымдылық акциясы аясында құрбан айттың үшінші күні облыс бойынша 14 ірі қара, 42 қой, 6 ешкі құрбандыққа шалынып, 1 мекеме, 415 отбасыға 3 тонна, 268 кг ет таратылды.
Құрбан айт – Жаратқанға жақындау мен қайырымдылықтың мерекесі. ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бастамасымен іске асып жатқан «QURBAN — 2025» қайырымдылық акциясы аясында Ақтөбе облысы өкілдігі бойынша құрбан айттың екінші күнінде облыс бойынша 7 ірі қара, 138 қой құрбандыққа шалынып, 3 мекеме, 479 отбасыға 4 тонна 934 кг ет таратылды.
Бүгін Құрбан айттың бірінші күнінде ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бастамасымен іске асып жатқан қайырымдылық акциясы аясында Ақтөбе облысы өкілдігі бойынша 35 ірі қара, 523 қой шалынып, 1524 отбасы мен 5 мекемеге құрбандық еттері таратылды. Ал Qurban.muftyat.kz сайтына Ақтөбе қаласынан 50 мұқтаж тіркелген.
Ақтөбе облысының Облыстың Бас имамы Амантай Садиев пен облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Алмат Әли және «Бақытжан» мешітінің ұстазы Еламан Кәрім, «Қабақ баба» мешітінің бас имамы Нұрлыбек Молдабайұлы Ақтөбе қаласы бойынша құрбан айт күндері құрбандық шалынатын орындардың дайындығын тексерді.
Құрбан айт мерекесіне орай Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиев, облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Алмат Әли мен аталған мешіттің ұстазы Талғат Аманов өңірдегі жергілікті телеарналарға сұхбат берді.
Ақтөбе қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасына сәйкес Құрбан айт мерекесіне дайындықты пысықтау мақсатында арнайы семинар ұйымдастырылды.
ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігі балаларды қорғау күніне орай «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында балаларға қуаныш сыйлады.
Бүгін Ақтөбе қаласындағы «Business Empire» орталығында ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен Құрбан айт мерекесіне орай өңір имамдарына жиналыс өтіп, штаб құрылды.
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жылдық жоспарына сәйкес имамдар қоғамда ізгі амал мен қайырымдылық жасауды одан әрі жүйелі түрде жалғастыруда.
ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде «Жастар ісі» секторы кәсіпкердің қолдауымен Ақтөбе қаласында 2 тонна ұн өнімдерін қайырымдылыққа таратты.
Бүгін Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде жұмаға жиналған жамағат алдында «Зекет және қайырымдылық» қорының «Өмірге үміт сыйла» акциясы аясы бойынша «Сүлеймен ата» мешітінің ұстазы Қайрат Дәрмеовтың еміне 3 000 000 теңге көмек берілді.
ҚМДБ бекіткен “Ислам және отбасы құндылығы” жылы аясында Ақтөбе қалалық орталық мешітінің бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлының бастамасымен ата-анасынан айырылған 20 балаға қамқор болып отырған Жетесовтар отбасына тарту жасалды. Атап айтқанда, 2 қабатты 4 адамға арналған керует сыйға беріліп, 20 балаға тәтті таратылды.