ЕЛОРДАДА «ZEKET HUB» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен елордада «Zeket HUB» қайырымдылық орталығы ашылды.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен елордада «Zeket HUB» қайырымдылық орталығы ашылды.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Зекет және қайырымдылық» қоры Түркияда болған апаттық жағдайға байланысты зардап шеккен тұрғындарға көмек беру үшін көпшілікті қайырымдылық жасауға шақырып, арнайы есепшот ашты.
Қаңтар айында Ақтөбе облысы өкілдігінде ҚМДБ-ға қарасты өңірдегі «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен, облыс, қала, аудан, ауыл мешіттерінің имамдары және жергілікті жаны жомарт демеушілердің көмегімен «Қайырымды жұма», «Қолдан қолға», «Жылулық сыйла», «Өмірге үміт сыйла», «Раббың үшін құрбан шал», «Мешіт пен медреселерге көмек» акциялары аясында 3 081 248 теңгеге 32 қайырымдылық іс-шара өтті.
Ақтөбе қалалық орталық мешітінің бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлының ұйытқы болуымен құлшылық үйінің кілемдері жаңартылды. Атап айтқанда, ТОО «А-Карпетс» «Кілемдер әлемі» ұжымының басшысы Рыскүл Жәнібекқызы мешіт дәліздеріне құны 500 000 көлемін қамтитын су жаңа кілемшелер тарту етті.
ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде ҚМДБ-ның «Зекет және қайырымдылық» қорының «Жылулық сыйла» қайырымдылық акциясы аясында облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешіті, Ақтөбе қалалық орталық мешіті және Ақтөбе қаласындағы «Қайырқожа» мешітінің ұйымдастыруымен 770 000 теңгеге 56 отбасыға 35 тонна көмір таратылды.
ҚМДБ "Зекет және қайырымдылық" қорының Ақтөбе өкілдігінің жылдық жоспарына сәйкес, "Ел үлесі – пәтерге" қайырымдылық акциясы аясында жыл басынан бері республика бойынша 622-ші, облыс бойынша 7-ші үй Ақтөбе облысы, Шалқар ауданындағы аудандық мешіттің наиб имамына қызметтік пәтер ретінде табысталды.
Халықаралық мүгедектер күніне орай облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінде облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлы еліміздегі мүмкіндігі шектеулі жандарға, олардың асыраушылары мен дәрігерлерге, қамқорлық танытып жүрген азаматтар үшін арнайы дұға жасады.
ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Ақтөбе өкілдігінің жылдық жоспарына сәйкес, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласында «Ел үлесі – пәтерге» қайырымдылық акциясы аясында 2022 жылдың ішінде республика бойынша 621-ші, облыс бойынша 6-шы үйді жалғызбасты анаға Мұғалжар ауданының Бас имамы Әсемханм Ерғазин мен Қандыағаш қаласы «Қадырәлі ата» мешітінің имамы Нұрсұлтан Тұрсынқұлов табыстады.
16 қараша күні елордасы Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен «QAIYRYMDYLYQ JARSHYLARY» атты бірінші республикалық еріктілер форумы өтеді.
ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «Өмірге үміт сыйла» акциясы қолға алынған болатын. Осыған орай, ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде қайырымдылық жобасы аясында «Зекет және қайырымдылық қоры» ауыл имамының науқастанған 2 баласының еміне деп 1 000 000 теңге қаржы жинады.
Бүгін қасиетті жұма күні Алладан сауап үміт еткен жомарт жандардың демеушілігімен Ақтөбе облысы, Қобда ауданында 100 адамдық сыйымдылықты қамтыған Талдысай ауылдық мешіті ашылды.
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде «Жомарт жұма» қайырымдылық акциясы өтті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасына орай «2022 жыл – Балалар жылы» жылы аясында Хромтау аудандық «Нұр» мешітінде «Балаларға базарлық» атты қайырымдылық шарасы өтті.
Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлы мен облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы, ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Ақтөбе облысы бойынша өкілі Алмат Әлидің Хромтау ауданына барған сапары барысында аудандық «Нұр» мешітінде мәуліт айының құрметіне орай «Жүректен жүрекке» қайырымдылық шарасы өтті.
Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлы мен облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы, ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Ақтөбе облысы бойынша өкілі Алмат Әлидің Хромтау ауданына барған сапары барысында «Ел үлесі – пәтерге» қайырымдылық акциясы аясында мүмкіндігі шектеулі, көпбалалы жалғызбасты анаға 609-шы пәтердің кілтін табыстады.