Ақтөбеде «Тайқазан» акциясы аясында мұқтаж отбасыларға азық-түлік үлестірілді 6618

Ақтөбеде «Тайқазан» акциясы аясында мұқтаж отбасыларға азық-түлік үлестірілді

13 тамыз 2026 32 Оқу 1 минут

Бүгін Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының дәстүрлі «Тайқазан» қайырымдылық акциясы өтті. Шара аясында аймақтағы әлеуметтік жағдайы төмен және аз қамтылған отбасыларға материалдық қолдау көрсетілді.

Игі іс ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілі Алмат Әлидің ұйымдастыруымен жүзеге асты. Бұл жолғы қайырымдылық бастамасына «Әскерилендірілген теміржол күзеті» ЖШС-нің ұжымы ерекше қолдау білдірді. Көмекке мұқтаж 7 отбасыға күнделікті тұрмысқа ең қажетті өнімдерден құралған азық-түлік себеттері табыс етілді.

ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде мүфтият бекіткен бағыттар бойынша атқарып жатқан сауапты істері алдағы уақытта да жалғасын таппақ. Шара соңында ұйымдастырушылар мен көмек алған отбасылар демеушілік жасаған компания ұжымына шынайы ризашылықтарын білдірді.

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі