«Тайқазан» акциясы аясында 10 отбасыға көмек берілді
ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының «Тайқазан» қайырымдылық акциясы аясында Ақтөбе қаласындағы «Қабақ баба» мешітінің бас имамы Нұрлыбек Молдабайұлының ұйытқы болуымен 10 отбасыға көмек берілді.
Шара барысында әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы және көмекке мұқтаж отбасыларға азық-түлік себеттері табысталды. Игі шараның басты мақсаты – мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, қоғамда қайырымдылық пен жанашырлық құндылықтарын дәріптеу.
Ал көмек алған отбасылар ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
Аталған қайырымдылық ісіне қолдау бірдірген мешіттің ондық алқа мүшелері. Әсіресе, игі іске демеушілік жасап, қайырымдылық шарасының өтуіне елеулі үлес қосқан мешіттің ондық алқа мүшесі Алмат Мұратжанұлына мешіттің имамы ризашылығын айтты.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі






































