ТӘКПІРШІЛДІК ТӘЛКЕГІ
Ислам – тұтас адамзатқа жіберілген ізгілікті насихаттаушы дін. Ал, Құран мен пайғамбар сүннеті – асыл діннің діңгегі. Бұл екі қайнар көз мұсылмандарға бағыт-бағдар беруші негіз.
Ислам – тұтас адамзатқа жіберілген ізгілікті насихаттаушы дін. Ал, Құран мен пайғамбар сүннеті – асыл діннің діңгегі. Бұл екі қайнар көз мұсылмандарға бағыт-бағдар беруші негіз.
Мұхаммед Ғазали: «Бүгінгі мұсылман әлемі діннің сыртқы формасын ғана ұстануда. Діннің түп мақсатын ұмытты. Дін түрлі жоралғылар шеңберінен шыға алмаған шақта құндылығын жоғалтады. Дін ең әуелі – жүрек және рух тазалығы», - деген.
Құран Кәрімдегі әрбір әмір мен тыйымдардың түбіріне үңілген адам, санаға орала бермейтін ғаламат рухани құндылықтарға кенеледі. Құранда айтылған әрбір әмірлер мен тыйымдар, оның барша заңдылықтарын қалай алып қарасаңыз да, Құранның – Алланың теңдессіз кітабы екендігіне көз жеткізесіз. Ондағы үкімдер мен қағидалар он төрт ғасыр бойы жер бетіндегі адамдарды әділеттілікпен басқарып келеді.
Пайғамбар (с.ғ.с.) заманында әрбір сұрақтың жауабын, барлық мәселенің шешімін өзі беретін. Десе де, кейбір сахабаларға пәтуа беруге рұқсат еткен. Мәселен, Мұғаз бин Жабалді (р.а.) Йемен еліне аттандырған кезде мәселе туындаса жауабын қайдан іздейсің?, - деп сұрайды пайғамбарымыз. Мұғаз: Құранмен төрелік етемін, - дейді. Құраннан таппасаң не істейсің?, - дегенде:
Уахаби ағымының ғалымдары шектен шығу салдарынан әлемде дін құндылықтары насихатталудың орнына, әлемнің рухани тоқырауына, кері кетуіне сеп болды.
Ардақты пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) бейіті жер бетіндегі қасиетті орын. Қази Ғияд «Шифа фи тағриф хуқуқ Мустафа» кітабында: «Оның қабірі жердегі ең абзал орын екенінде дау жоқ», - деп жазады.
Бас мүфти бастамасымен барлық облыс өкілдіктерінде «Отбасы мәселелері бойынша кеңес беру» орталықтары ашылды. Мұнда тұрғындар некедегі негізгі міндеттер, талақ мәселесі, яғни ажырасу, ене мен келін арасындағы кикілжің, ерлі-зайыптылардың мінез тұрғысынан түсінісе алмауы секілді сауалдармен жиі келеді. Шыны керек, бүгінде жат ағымда жүргендердің азғын әрекеті некенің қадір-қасиетіне нұқсан келтіруде. Ер азаматтардың талақ айту құқығын әсіре пайдалануы әйелдің арын таптауда. Тағдырын тәлкекке түсіруде.
Кеш мезгіл. Көмір шахтасындағы жұмысшылар жоғарыға шығуға қамданып жатыр. Сыртта бір бала телміріп тұр. Ол – шахтердің баласы. Әкесін күтіп жүр. Үнсіз сабырмен шахта лифттің көтерілгенін күтуде.
Биыл – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) құрылғанына 30 жыл. Діни басқарма қалай құрылды? Бастауында кімдер тұрды?
Расында, мұндай сөзді бала күнімізде көп еститінбіз. Айтқанын қуаттау үшін «Төбемде Құдай тұр», - деп қоятынбыз. Бұл сөзге аса мән бермейтін едік. Жат ағымдар келіп, Алла аспанда деген мәселені қозғап, бізді бала күніміздегі сөздің мән-мағынасын дін кітаптарынан іздеуге итермеледі. Деструктивті діни ағым жолындағы бауырлар миғраж оқиғасын негіз етіп, неге пайғамбар (с.ғ.с.) Алла Тағаламен тілдесу үшін жеті қабат аспанға көтерілді деп мазаны ала бастады.
Ұлы Абайды әлемге танытқан Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясының бірінші сөйлемі «Үш күндік жолдың бүгінгі, соңғы күніне бала шәкірт барын салды» деген жолмен басталады. Яғни, көркем шығарманың «әл-қиссасы» Абайдың үш жылдық медресе оқуын ойдағыдай тәмамдап, екі ағасымен елге оралған кезін суреттеумен өріледі.
ІХ республикалық «Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу» байқауының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша іріктеу кезеңінде жүлделі үшінші орынды иеленген Болат Кенебаевтың қарилығын әріптестерінің өзі жуырда білді. Ол – ҚМДБ Ғаламтор секторының техникалық қызметкері. Болат қаримен сәті түскен сұхбатымызды назарларыңызға ұсынып отырмыз.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Кім менен мына бес өсиетті алып, оған амал етеді. Яки болмаса, осы өсиеттерді орындайтын адамға айтып жеткізеді?», - дейді. Сонда суырылып ортаға шыққан Әбу Һурайра (р.а.): «Уа, Алланың елшісі, Мен», - дейді. Пайғамбар (с.ғ.с.) «Оның қолдарынан ұстап тұрып: Арамнан алыс бол, адамдардың ең тақуасы боласың.
Бұл әлемде осы уақытқа дейін Пайғамбардың (с.ғ.с.) хадисі секілді егжей-тегжейлі терең зерттелген ғылым болмаған. Алдағы уақытта да болмайды-ау, сірә?! Бұл ғылымға өмірін арнаған ғалымдарды санасақ шетін шығара алмаймыз. Кітабы таза сенімді сахих хадистерден тұратын сондай ғалымдардың бірі ретінде көрнекі ұлы ғалым Имам Бұхариді айтсақ болады.
Сауап іс жасаған адам жаны жай тауып, ерекше рақат сезінеді. Жүрегін қысып тұрған уайым мен мазасыздық өзінен-өзі ғайып болғандай күй кешеді. Имам Шафиғи (р.а.): «Құлшылықтар адамдардың мүддесіне жұмыс істейді», - дейді. Демек, ғибадаттар шариғат көрсеткен талаптар бойынша жасалса, мұсылманның тұлғалық бейнесін түзете бастайды.