Мақалалар
29 наурыз 2022 150
КАК ПРАВИЛЬНО СЕБЯ ПОДГОТОВИТЬ К МЕСЯЦУ РАМАЗАН?

Нужно сказать, что в месяц Рамазан держать пост или постится – является фардзом (обязанностью) каждого мусульманина. Человек, который себя считает верующим мусульманином, если он достиг возраста балигат (совершеннолетния) и стал мукаллаф (разумный, не является больным), так как малый возраст и сумасшествие снимают обязанность соблюдать пост в исламе и совершать обязательные виды поклонения, далее, если он является муким (то есть находится не в пути, а проживает в этой местности), ведьмногие ‘улама (ученые) Ислама единодушны, что путник может не поститься, и еще если имеет здоровье (не болеет) – ему нужно держать пост.

Мақалалар
29 наурыз 2022 137
Пітір – мұқтажды қуантатын садақа

Пітір садақасы қажеттілігін қоспағанда, мал-мүлкі нисаб[1] мөлшеріне жеткен әрбір мұсылманға беруі – уәжіп[2]. Ол – оразаның қате-кемшіліктерін толтыратын, Құдайға шүкіршілік ету үшін берілетін және кедейлерді қуантатын садақа.

Мақалалар
29 наурыз 2022 222
Рамазанға дайындық

Рамазан – сауаптар еселеніп жазылатын ай. Ендеше, бұл айда мейлінше көп жақсылықтар мен ізгі амалдарды жасап қалуға, жаман әдеттерден аулақ болып, бойымызда бар теріс қылықтардан арылуға тырысқанымыз жөн.

Мақалалар
29 наурыз 2022 117
Егемендіктің ертеңі – бірлікте!

Қазақтың тарихына көз жүгірткенде небір зұлмат пен нәубетті, аштық пен қиындықты, тартыс пен езгінің іздерін көріп, осыншама зұлматтан аман қалып, бүгінде етек-жеңі жиылып келе жатқан тәуелсіз елдің бет-бейнесін көріп, таңдай қақпау мүмкін емес. Бұл елдікті еңсеруде қаншама қан мен сарқылған тер, қыршын кеткен ғұмырлар мен үзілген тағдырлар жатыр.

Мақалалар
26 наурыз 2022 136
КІШІПЕЙІЛДІК

Адамның дүние тіршілігінде құрметін арттырып, ақыреттік бақытқа кенелуіне себепші болатын сипаттардың бірі – кішіпейілдік. Кішіпейілдік дегеніміз – өзгелерді менсінбеу немесе адамдарға жоғарыдан қараудан сақ болып, атақ сүйгіштікті, басқалардың өзін көтермелеп, құрметтеуін ұнатпай, керісінше оларды сыйлауда ыждағаттылық таныту.

Мақалалар
26 наурыз 2022 135
Алланың панасында болатын адам

Жуырда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы еліміздегі барша имамдарға бағдарлық баяндамасын жолдап, 2022 жылы діни салада жүзеге асатын бірқатар іс-шаралар туралы мәлімдеді.

Мақалалар
26 наурыз 2022 162
Бауырың қателессе, кешіре біл...

Бауырмалдық – Алла Тағаланың мұсылман үмбетіне берген ұлы нығметінің бірі. Шынайы бауырмалдық – ықыласты, тақуа пенделерге Алла тарапынан берілетін сый. Алла Тағала Құранда былай дейді: «Ол (Алла) мүміндердің жүректерін қосты. Жер жүзінің байлығын түгелдей жұмсасаң да, олардың жүректерін дәл осылай қоса алмас едің. Алла оларды (ілтипатпен) біріктірді. (Алланың) Үстем, Дана екеніне еш күмән жоқ» («Әнфәл» сүресі, 63-аят).

Жаңалықтар
21 наурыз 2022 679
Наурыз – діни емес, ұлттық мереке!

Тәуелсіздік алған күннен бастап еліміздің рухани құндылығы, салт-дәстүрі, діні мен тілі қайта жаңғыру мүмкіндігіне ие болды. Соның ішінде жыл басы, күн мен түннің теңелген күні, жаңару мен жасарудың, береке-бірліктің мейрамы, мұсылман қазақ ұлтының рухани құндылыққа толы қастерлі мерекесі – әз-Наурыз.

Мақалалар
12 наурыз 2022 140
Намаз – көзімнің қарашығы

Алла Тағала қасиетті Құранда: «Мүміндер сөзсіз мұратына жетті. Олар – намазда шын пейілімен мойынсұнып, барынша кішіпейілділік танытатындар» («Муминун» сүресі, 1-2 аяттар) деп намаздағы мұсылманның бейнесін баян етсе, ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Намаз – көзімнің қарашығы» (Ахмед, Насаи, Байһақи) деген болатын. Бұқар жыраудың «Бесінші тілек тілеңіз, Бес уақытта бес намаз, Біреуі қаза қалмасқа» деген жыр жолдарынан ата-бабамыздың намазына қаншалықты берік болғанын байқаймыз.

Жаңалықтар
28 ақпан 2022 2233
1 наурыз – Алғыс айту күні!

Алғыс айту күні – ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған күн!

Ғибратты оқиғалар
28 ақпан 2022 4771
Миғраж оқиғасы және оның ғибраты

Исра және Миғраж түні ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Меккедегі әл-Харам мешітінен Құдыстағы (Иерусалим) әл-Ақса мешітіне исра (яғни түнгі сапар) жасады. Одан миғражға, яғни жеті қат көкке көтеріліп, дүниеден өткен барлық пайғамбарлармен кездесіп, үнемі құлшылықта жүретін періштелермен жолықты. Құдіретті Жаратушымыздың түрлі белгілерін көріп,бес уақыт намаз осы түнде парыз етілді. Бұл оқиға ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Мәдина қаласына һижрет етуінен он сегіз ай бұрын болды.

Мақалалар
24 ақпан 2022 539
Достықтың мәні мен шарты

«Доссыз өмір – тұссыз ас», «Досыңды сатпа, аққуды атпа» деп,достықтың салмағының ауыр екенін сезініп өстік. Сүйіп жаратқан Құдіретті де Мейірімді Иеміз біз пақырға досты, достарды нәсіп етті! Мың қайтара шүкір! Сол достықпен сынады, әлі де сынап келеді. Бұл – заңдылық. Қандай да бір нығметке ие болсаң, сынағы қатар жүретіні – өмір заңдылығы. Сынағынан өтсең, нығметтің де ләззаты арта түседі, шыңдала түсесің – Жаратушыңа жақындай түсесің...

Жаңалықтар
23 ақпан 2022 203
Адамды құрдымға кетіретін 4 нәрсе

Мұсылман рухани кемелдікке жету үшін бойында ізгі қасиеттерді қалыптастырып қана қоймай, сонымен бірге оны құрдымға кетіретін, иман «бұлағын» лайлап, ақыретіне зиян тигізетін зарарлы қасиеттерден арылуы тиіс. «Құтыға» мөлдір су құймас бұрын, ішін «қоқыстан» тазартқан абзал. Себебі мұндай зиянды қасиеттер біздің толыққанды мұсылман болуымызға айтарлықтай кедергі келтіреді. Күнделікті өмірімізде де алдымыздан шығып, тұлға ретінде дамуға да зиянын тигізеді. Бұл қасиеттер – жанның «нәжісі». Киімге нәжіс жұқса құлшылық толық орындалмайтыны секілді, жанға кесірлі қасиеттермен Аллаға жақындай алмаймыз. Бұлардың саны көп болғандықтан, арасынан көп байқала бермейтін, бойымызда болса да, өзімізге біліне бермейтін, бірақ салдары үлкен негізгі 4 нәрсеге тоқталғымыз келеді.