ТАҒДЫРҒА РАЗЫЛЫҚ ТАНЫТУ
Тағдыр дегеніміз не? Әуелі осыған тоқталсақ. Тағдыр араб тілінде «қадар» деген сөзден шыққан. «Өлшеу, бір нәрсені белгілі бір өлшем бойынша жарату, белгілеу» деген мағынаны білдіреді. Ал, шариғат термині бойынша Алла Тағаланың әу баста болатын барлық нәрсені жаратпастан бұрын шексіз ілімі арқылы егжей-тегжейіне дейін білуін және оларды белгілі бір өлшемге қарай реттеуін, жүйелеуін, арнайы белгілеуін «тағдыр» дейміз.





































