БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ЕҢБЕГІНІҢ БІР ҚЫРЫ
«Сөз өнерінен жасалып шығатын нәрсенің жалпы аты шығарма сөз, ол аты қысқартылып көбінесе шығарма деп айтылады. Ауыз шығарған сөз болсын, жазып шығарған сөз болсын, бәрі шығарма болады. Шығарманың түрлері толып жатыр. Оның бәрін шумақтап бір-ақ атағанда арабша әдебиет, қазақша асыл сөз дейміз». Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы 1926 жыл Қызылорда қаласынан жарық көрген «Әдебиет танытқыш» еңбегінде осылай дейді. Асыл сөздің негізгі белгілері қандай? Ол несімен асыл? Асыл сөз ғана әдебиет болса, ондай әдебиеттің мақсаты қандай? Асыл сөз терминіне Ұлт ұстазы қандай мән жүктеп отыр? Сөз өнерінің өнімдері (көркем әдебиет, театр, кино т.б.) алып индустрияға айналған қазіргі заманда осы сауалдарға жауап іздеу аса маңызды.





































