ҚАЖЫЛЫҚТЫҢ ХИКМЕТІ
«Қаж» сөзі араб тілінде «бір нәрсені айналу», «ерекше ниет қылу», «бір бағытқа жөнелу», «көздегенге ұласу» мағыналарын білдіреді. Ал, «қаж» сөзінің діни мән-мағынасына тоқталар болсақ, Қажылық маусымында бейбітшілік мекені – Меккеге бет түзеп, Ұлы Жаратушының ризашылығы үшін қасиетті Қағбаға тәуап жасауды айтамыз. Бір сөзбен айтқанда, қажылық уәзипасына шариғатта бекітілген мерзім – Арафат пен Құрбан айт күндері тиісті мекендерде (Арафат, Муздалифа, Қағба) құлшылық амалдарын орындау жатады.





































