Мақалалар
24 қыркүйек 2023 194
МАХМҰТШЫЛАР ДЕГЕН КІМДЕР?

Түрік жамағаттарының арасында қолдаушылары көп болмаса да, белсенді жамағаттардың бірі, Ыстамбул қаласында шоғырланған – «махмұтшы» («Исмаил аға») жамағаты. Жамағаттың атауы ханафи мәзһабын ұстанушы, Нақшбанди-мужаддиди тариқатындағы «Халидия» тармағының жетекшісі шейх Махмұт Уста Османұлы әл-Уфиден (1929-2022) алынған.

Жаңалықтар
15 қыркүйек 2023 10671
МӘУЛІТ АЙЫ МҮБӘРАК БОЛСЫН!

Бас мүфти: Мәуліт айы – Алла елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өнегелі өмірін, сауапқа толы сүннет амалдарын халыққа насихаттаудың, дініміздің асыл құндылықтарын дәріптеудің таптырмас мүмкіндігі. Бұл айда мешіттерде Аллаға мадақ, Пайғамбарымызға салауат айтылып, мәуліт жыры оқылады.

Мақалалар
15 қыркүйек 2023 168
НЕГЕ АЛДЫМЕН АНАҒА ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАЛАДЫ?

Ислам діні ата-ананы құрметтеуді бұйырады. Бұл туралы Алла Тағала Құранда: «Біз адам баласына ата-анасына барынша жақсылық жасауды бұйырдық. Анасы оны қинала жүріп (бірнеше ай) көтерді және қинала босанды. Оның ана құрсағында жатуы мен емшектен шығуы (ең кемінде) отыз айға созылады», – деп баяндады («Ахқаф» сүресі, 15-аят).

Әйел-қыздар секторы
15 қыркүйек 2023 405
ДИНАРА ҚҰТҚОЖАҚЫЗЫ: ӘЙЕЛГЕ ИСЛАМ ДІНІНДЕЙ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТЕТІН ДІН ЖОҚ

Мүфтияттың Әйел-қыздар секторы 2016 жылы ашылды. Сектор төрт бағыт бойынша жұмысын бастады. Олар – діни сауат ашу курсы, уағыз-насихат, қайырымдылық шарасы, қоғамдық және мәдени шаралар. Дәріске келуші әйел жамағаты үшін әжелер мектептері, қыз-келіншектер клубтары ашылды. Мектеп пен клубтың негізгі мақсаты – ана мен қыз арасындағы қарым-қатынасты күшейту, ене мен келін институтын дамыту, ер мен әйелдің қарым-қатынасын түзеу, қоғамда ауызбіршілік қалыптастыру және жастарды еңбекке баулу. Қазіргі таңда барлық өңірде сектор жұмысы қарқынды дамып, жұмысы жүріп жатыр.

Мақалалар
06 қыркүйек 2023 168
Нұрлыбек Шакизада: Тәртіпке бағынған құл болмас!

Әлемдердің Жаратушысы Алла тағала барлық жаратылысты белгілі өлшеммен,хикметке толы жүйемен,теңдессіз тәртіппен жаратқан. Аспан әлемі болсын, жердің жүзі болсын,тіпті,теңіз асты тіршілігіне назар салсақ таңдай қақтырар реттілікті көреміз.

Мақалалар
05 қыркүйек 2023 738
НҰРШЫЛАР ДЕГЕН КІМДЕР?

Бұл жамағат Түркияның шығыс Анадолы­дағы Нұрс таулы ауылында дүниеге келген Мырзаұлы Саид Нұрси (1873-1960) атымен «нұршылар» деп аталады.

Мақалалар
30 тамыз 2023 353
ГҮЛЕНШІЛЕР ДЕГЕН КІМДЕР?

Саид Нұрсидің идеялары негізінде әрекет ететін гүленшілер жамағаты, негізінде, «Хиз­мет» қозғалысы деп аталады. «Хизмет» – түр­киялық жазушы, дін және қоғам қайраткері Фетхулла Гүленнің (1941 ж.т.) идеялары мен бағыт-бағдар көрсетуінің негізінде құрылған діни-әлеуметтік қозғалыс.

Мақалалар
25 тамыз 2023 203
САФАР АЙЫНДА ТОЙ ЖАСАУҒА БОЛА МА?

Кейбір адамдардың «сафар айында үйленуге, той жасауға, алыс жолға шығуға болмайды» деген сөздерін жиі естіп қаламыз. Олардың айтуынша, мұндай істер соңында сәтсіздікке ұшырауы мүмкін екен.

Мақалалар
24 тамыз 2023 195
КӨШЕДЕН ТАПҚАН НӘРСЕНІ НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

Кейде көшеде кетіп бара жатып ақша немесе құнды бір зат тауып аламыз. Оны өзімізге алуға бола ма? Әлде оны садақа ету керек пе? Бәлкім оған тиіспеу керек шығар? Бұл – қазіргі таңда жиі кездесетін мәселенің бірі.

Мақалалар
22 тамыз 2023 169
АҒАШ ЕККЕН АДАМ...

Алла Тағала адамды жаратылыстарының ішіндегі ең құрметтісі әрі жер бетіне басшы етті. Сансыз нығметтерді беріп, аспан мен жердегі бүкіл нәрсені адам баласына бойсұндырды. Сондықтан Алла Тағалаға шүкірлік етіп, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауымыз қажет. Өйткені табиғат – Алланың бізге берген ең үлкен нығметінің бірі.