Юсуф (ғ.с.) ұрпағынан шыққан сахаба
Ол сахаба – Абдулла бин Сәләм бин Харис. Күниясы – Әбу Юсуф. Ал, түп атасы Юсуф (ғ.с.) пайғамбар. Сахаба Абдулла бин Сәләм жайлы имам Зәһәби «Сияр» кітабында: «Ғұлама, жәннатпен сүйіншіленген сахаба, ансарлардың одақтасы, Пайғамбарға (с.ғ.с.) ең жақын сахабалардың бірі», - деген екен. Мусғаб бин Сағд әкесінен: Алла елшісі (с.ғ.с.): «Мынау аңғардан жәннаттық бір кісі кіреді, - деді. Сонда Ибн Сәләм келді [1]», - деген риуаят жеткізген.