ІЗГІ АМАЛ
Адам жүрегіне ұялаған иман, оны ізгі істер жасап, қоғамға пайдалы іс жасауға жетелейді. Алла Тағала қасиетті Құранның көптеген аяттарында иманнан кейін ізгі амал жасау керектігі турасында айтқан. Бұдан біздер ізгі амал жасаудың мұсылман өмірінде қаншалықты маңызды екендігін түсінеміз.



































