Жаңалықтар
12 шілде 2022 126
АЛЛАҒА АДАЛДЫҒЫҢДЫ АЙТТА АЙҚЫНДА

Шын мәнінде, біздің күнделікті ризығымыз бен несібемізді беруші – Алла. Өйткені, ризық беруші Алла – бүкіл мүліктің Иесі. Пенделеріне несібе беру – Алланың ақысы. Ал ризық бергені үшін Аллаға шүкір ету – мұсылманның ақысы. Былайша айтқанда, әрбір мұсылман өз Раббысына нығмет бергені үшін шүкірлік жасауға міндетті. Міне, Құрбан айт мерекесі бізді осындай түсініктер мен ізгі амалдарға тәрбиелейді.

Мақалалар
10 шілде 2022 110
ЖАНЫҢДЫ САЛЫП ЖАСАЙТЫН ҚҰЛШЫЛЫҚ

Уақыт зулап өтуде. Қажылық маусымы да таяп қалды. Әлемді жайлаған пандемия салдарынан екі жыл қатарынан үлкен қажылыққа бара алмаған мұсылман үмбеті осы жолы ерекше дайындықпен қасиетті сапарға ниет етіп отыр. Шын мәнінде, адам баласы көп жағдайда кез-келген нәрсені барында бағаламайды. Екі жылға созылған үзіліс қажылықтың қадірін арттыра түскендей.

Мақалалар
10 шілде 2022 94
НЕ ҮШІН ҚҰРБАН ШАЛАМЫЗ?

Жағдайы бар мұсылман баласы Құрбан айт күндері құрбан шалуға тырысады. Не үшін құрбан шаламыз? Осы жайлы ойларымызды ортаға салып көрсек.

Мақалалар
08 шілде 2022 128
ҚАЖЫЛЫҚТЫҢ ХИКМЕТІ

«Қаж» сөзі араб тілінде «бір нәрсені айналу», «ерекше ниет қылу», «бір бағытқа жөнелу», «көздегенге ұласу» мағыналарын білдіреді. Ал, «қаж» сөзінің діни мән-мағынасына тоқталар болсақ, Қажылық маусымында бейбітшілік мекені – Меккеге бет түзеп, Ұлы Жаратушының ризашылығы үшін қасиетті Қағбаға тәуап жасауды айтамыз. Бір сөзбен айтқанда, қажылық уәзипасына шариғатта бекітілген мерзім – Арафат пен Құрбан айт күндері тиісті мекендерде (Арафат, Муздалифа, Қағба) құлшылық амалдарын орындау жатады.

Жаңалықтар
07 шілде 2022 142
АРАПА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН 6 КЕҢЕС

Арапа сөзі арабтың «ъарафа», яғни, «білу, анықтау, түсіну» мағынасына сай келеді. Бізде оны қарияларымыз «Қарапа» деп атап кеткен. Зұлхижжа айынының тоғызыншы күні, күллі мұсылман жұртының мейрамы Құрбан айттың алдындағы күн және күндердің ең қадірлісі – Арапа күні жақындап келеді.

Мақалалар
04 шілде 2022 157
ҚАЖЫЛЫҚ ҚАЛАЙ ЖАСАЛАДЫ?

Араб тілінде "الحج" «Әл-Хаж» деп – құр­мет тұ­тыл­ған қа­сиет­ті жер­ді зия­рат ету мағына­сын біл­ді­ре­ді. Ал ша­ри­ғат­та­ғы тер­мин­дік ма­ғы­на­сы – қажы­лық айла­ры деп ата­ла­тын ар­найы уа­қыт­та Сауд Ара­бияда­ғы Мек­ке қа­ла­сы­ның жанында­ғы Ара­фат тауын­да ғиба­дат ниеті­мен бір ме­зет тұру, со­сын Қағ­ба­ны тауап ету жә­не қа­жы­лық­тың ар­найы бас­қа амал­да­рын орын­дау ар­қы­лы ат­қарылатын ғи­ба­дат.

Қажылық
02 шілде 2022 685
ҚАЖЫЛЫҚТА ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН НӘРСЕЛЕР

Қажылық – әрбір мұсылман адамның үлкен арманы. Жер бетінің қай түкпірінде болмасын мұсылмандардың жүректері Қасиетті Қағбаға қарай соғып тұрады. Бұл ғибадат сапары – Жаратқанның сүйікті құлдарына деген сыйы. Сондықтан да қажылық парызын өтеуге келген әрбір мұсылман Алла Тағаланың қонағы болып есептеледі. Алланың құлына Алланың құрметті қонағы болудан артық қандай бақыт болуы мүмкін?..

Мақалалар
02 шілде 2022 123
ҚАЖЫЛЫҚ ҒИБАДАТЫНА ҚАТЫСТЫ ОРЫНДАР

Қажылық сөзі «ұлық болған нәрсеге ұмтылу, талпыну», «ерекше орындарды зиярат ету» деп аударылады. Бұл ұғымның терминдік мағынасы «Қағбада және Мекке қаласының кейбір жерлерінде белгілі бір ережелерді сақтай отырып, ғибадат ету және белгілі бір рәсімдерді орындау мақсатында белгілі бір уақыт болу» дегенге саяды.

Мақалалар
29 маусым 2022 114
МОНОПОЛИЯНЫҢ ҮКІМІ ҚАНДАЙ?

«Монополия – (гректің monоs) – жалғыз және (poleo) сатамын» деген екі тіркестен туындаған сөз, ал шариғат терминологиясында «ихтикар» деп аталады.