Рамазан әл-Бутый мен әкесі (әңгіме) 545

Рамазан әл-Бутый мен әкесі (әңгіме)

19 ақпан 2021 213 Оқу 1 минут

Мұхаммед Саид Рамазан Әл-Бутый ислам әлеміне танымал тұлға. Ұлағатты ұстаз. Көптеген еңбек жазған ғұлама. Оның әкесі молла Рамазан Әл-Бутый де өз заманының діни қайраткері. Бұл оқиға әкелі-бала қарым-қатынасының бір сәті ғана. 1972 жыл. Латакия университет (бүгінгі таңда, Тишрин университет) ректоры барлық ұстаздар құрамын оқу ордасының құрылғанына бір жыл толуына орай ұйымдастырылған жиынға шақырды.

Осы кезеңде Дамаск университеті, шариғат факультетінің деканы шейх Саид Әл-Бутый (р.а.) еді. Жұмысының көптігіне қарамай біздің оқу орнымызда араб тілі бөліміне Құран пәнінен дәріс оқуға келісімін берген болатын. Шейхтың дәрісі әр сәрсенбі. Кешке бізде түнеп, бейсенбі түстен кейін қайтатын. Мен ол кезде университеті кітапханасын жабдықтауды қолға алғанмын.

Саид Әл-Бутыймен кабинетте отырғанбыз. Ректор мырза келіп бүгін бейсенбі кешке өтетін жиын жайлы қайта құлағдар етіп, шейхқа мәжілістің қадірлі қонағы болуын өтінді. Шейх Әл-Бутый шақыруға алғысын білдіріп, әуелі әкемнен рұқсат алуым керек деді. Ғұламаның бұл сөзіне ректор қатты таң қалды ма, мен бе білмеймін. Себебі, ғалымның қырықтан асқан шағы.

Балалары ер жетіп, белді оқу орындарында студент кезі. Өзі болса, ел астанасындағы беделді оқу орнында басшылық қызметте. Ректор бір сәтке қобалжып қалды. Алайда, лезде есін жиын дипломатиялық танытып: әрине, дұрыс айтасыз. Менің кабинетім сіздің иелігіңізде. Телефонмен сөйлесе аласыз,-деді.

Бірақ, менің таңдануым мұнымен бітпеген еді. Саид Әл-Бутыйді ректордың кабинеті алып бардым. Ол кісі әкесіне қоңырау шалды. Әкелі-баланың әңгімесін сөзбе-сөз жеткізуге тырысып көрейін: Ассаламу алейкум, әке! Университет ректоры ұстаздар ұжымымен бірге мені бүгінгі кешкі қонақ асына шақыруда. Жиынға қатысып, ертең қайтуға рұқсат па? Иә, түсіндім, рақмет әке! Амандықта көріскенше,-деп телефон тұтқасын қойды. Мен де қарап тұрмай: Аллаға шүкір. Дұрыс болды. Біздің мерейлі кештің қонағы боп дегендей...,-деп әңгіме болсын деп жатырмын. Сонда шейх: Айыпқа бұйырмаңыз, қонақ асқа қала алмаймын. Әкем жібермеді,-деді.

Бір ауыз ләм-мим демей, құп әке деді. Тіпті, бет-жүзінде наразылықтың нышаны да байқалмады. Міне, осы кезде менің таңданысымда шынымен-ақ шек болмады. Бұл оқиға маған ерекше әсер етті. Саид Рамазан Әл-Бутыйді заманының заңғар тұлғасы етіп тәрбиелеген әкесі еді. Әр қадамын әкесімен ақылдасып жасайтын еді.

Арада бірнеше жыл өтті. Саудиядағы Оксфорд академиясына лекция оқуға шейхты шақырдық. Ғалымға сөз бермес бұрын бірнеше жыл алдыңғы оқиғаны студенттер мен ұстаздарға әңгімелеп бердім. Сол кезде, шейхтың жүзінде, онда тұрған не бар, кез келген перзент әкесімен бойұсынады деген көзқарас байқадым. Біз әкені құрметтеуді ғалымдардан үйренуіміз керек.


Руслан Қамбар «Әке мектебі»

islam.kz