Құлшылық адам мүддесіне жұмыс істейді
Сауап іс жасаған адам жаны жай тауып, ерекше рақат сезінеді. Жүрегін қысып тұрған уайым мен мазасыздық өзінен-өзі ғайып болғандай күй кешеді. Имам Шафиғи (р.а.): «Құлшылықтар адамдардың мүддесіне жұмыс істейді», - дейді. Демек, ғибадаттар шариғат көрсеткен талаптар бойынша жасалса, мұсылманның тұлғалық бейнесін түзете бастайды.





































