ИСЛАМ ЖӘНЕ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ
Әрбір отбасы – жер бетіндегі мемлекеттердің негізгі іргетасы. Өмір кешіп жатқан отбасылар қаншалықты бақытты болса, сол елдің іргетасы да сапалы болмақ. Негізінен біреудің отбасындағы өмірі екінші бір отбасыға толықтай үлгі бола алмауы мүмкін. Алайда отбасы құндылығы жөнінде ата салтымызбен сабақтасқан асыл дініміз Исламнан артық еш жерден таппасымыз анық.





































