Мақалалар
23 сәуір 2022 113
ОРАЗАНЫҢ СЫРЫ

Он екі айдың сұлтаны болған Рамазан – Алланың мейірімі төгіліп, жұмақтың есігі айқара ашылатын, сауаптар еселеніп жазылатын шарапаты мен шапағаты мол ай. Рамазан айында ораза ұстау – мұсылманға міндеттелген парыз амалдардың бірі.

Мақалалар
23 сәуір 2022 98
ЗЕКЕТ – ЖАМАНДЫҚТАН САҚТАЙДЫ

Рамазан – ізгі амалдардың сауабы еселеніп жазылатын ай. Қасиетті айда бес парыздың бірі болған зекет берудің маңызы ерекше. Өйткені берекелі айда шынайы ниетпен жасалған әрбір кіші немесе үлкен амалдың сауабы арта түседі.

Мақалалар
19 сәуір 2022 217
ИҒТИКАФ – ОҚШАУЛАНУ ЕМЕС, ҚҰДАЙШЫЛ БОЛУ

Қасиетті Рамазан айында орындалатын ерекше құлшылықтың бірі – иғтикаф. Иғтикаф намаз, ораза, қажылық сынды парыз құлшылық емес, ол пенденің өз-өзін есепке алып, Раббысымен оңаша қалуы, халін тәфәккурмен өткізетін ихсан көрінісі. Өйткені иғтикаф құлшылығын жасайтын адам күнделікті күйбең тіршілікті бір сәтке тәрк етіп, нәпіл құлшылық ниетімен белгілі бір мезгіл мешітте болады.

Мақалалар
19 сәуір 2022 176
ЖАҚСЫЛЫҚТЫҢ АБЗАЛЫ – ҚҰРАН ОҚУ

Рамазан айының негізгі ерекшелігінің бірі – бұл айда екі дүние бақытына жетелейтін қасиетті Құран кітабы түсе бастады. Бұл жайында Алла Тағала: «Рамазан айы – адамзатты тура жолға бастаушы, айқын дәлелдерді һәм ақиқат пен жалғанның аражігін ажырататын өлшемдерді қамтыған қасиетті Құран түсе бастаған ерекше ай...» («Бақара» сүресі, 185-аят) дейді.

Мақалалар
19 сәуір 2022 131
ЖОМАРТТЫҚ ЖАСАЙТЫН МАУСЫМ

Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жомарт жан болды. Кім не сұрап келсе де, қолындағы барымен бөлісетін. Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Рамазан айында тіпті ерекше жомарттық жасайтын.

Мақалалар
19 сәуір 2022 124
ЕҢ КЕМЕЛ РАМАЗАН БОЛСЫН ДЕСЕҢІЗ..

Кейбір мұсылмандар Рамазанды қандай да бір ерекшеліксіз, бірқалпы өткізіп жатады. Олардың күн тәртібінде, намаздарында әдеттегі күндерден еш айырмашылық болмайды. Жалғыз ғана айырмашылық – таңертең ауыз бекіту, кешке ауыз ашу. Ақыр соңында олар Рамазанның толық берекетін сезінбейді және рухани кемелденуден мақұрым қалады. Ал Рамазан айы – нағыз руханиятты шыңдайтын және нәпсіні тәрбиелейтін ай. Бұл айда әдеттегі қалыптан шығып, өзіңізді рухани «бәйгеге» толық арнауыңыз керек. Тән артық тамақтанудан демалса, рух керісінше артық «тамақтануды» қалайды. Оның «тағамы» – ғибадаттар. Жылына бір келетін 30 күнді барынша пайдалы әрі сауапты түрде өткізгіңіз келсе, келесі кеңестерді назар аударыңыз.

Мақалалар
19 сәуір 2022 142
ТАРАУЫҚ НАМАЗЫНЫҢ ТАҒЫЛЫМЫ

Алла Тағала мұсылманның өміріндегі маңызды сәттердің, мереке күндердің бастауын, тіпті өмірінің соңғы сәтін де намазбен байланыстырып қойған. Мәселен, некесін енді ғана қиған жас жұбайлардың екі рәкағат нәпіл намаз оқуы, Ораза және Құрбан айт мерекелерінің намазбен басталуы, қайтыс болғанда марқұмды ағайын-туыс, дос-жаранның жаназа намазын оқып шығарып салуы сөзімізге дәлел болады.

Мақалалар
19 сәуір 2022 87
МҮБӘРАК АЙДЫҢ БЕРЕКЕСІ

Рамазан айы – Алла Тағаланың мүмин пенделеріне берген үлкен нығметі. Бұл айда Раббымыздың мейірімі төгіледі. Әсіресе Оның біз үшін берілетін ғинаяты артады. Атап айтқанда...

Жаңалықтар
01 сәуір 2022 161
ОРАЗА ЖӘНЕ ИХСАН ІЛІМІ

Шариғат ілімдерінің негізі болып саналатын сенім, фиқһ, тарих сынды салалар халқымыздың діни сара жолын нақ көрсете білді. Ендігі жерде бізге қажеттісі – рухани жан дүниеміздің өзегіне айналған тәрбие ілімі. Мұны біз Ихсан ілімі дейміз. Ихсан сөзі жақсылық жасау деген ұғымды білдіреді. Ал шариғаттағы мағынасы кез келген ізгі амалды ең кемел түрде орындау дегенге саяды.

Мақалалар
30 наурыз 2022 183
МЕСЯЦ РАМАЗАН – ЭТО МИЛОСТЬ ВСЕВЫШНЕГО АЛЛАХА

Рамадан – девятый месяц мусульманского календаря. Этот месяц является самым важным и почетным для мусульман.Слово «рамадан» в переводе с арабского означает «палящий зной», «сжигающий», «горячий», «жаркий».

Жаңалықтар
30 наурыз 2022 551
ФИТР САДАКА – РАДОСТЬ БЛАГОДАТИ

Фитр садака является ваджибом [1] для каждого мусульманина, который имеет материальную возможность и достиг размера нисаб [2]. Это милостыня, которая восполняет соблюдение поста, а также позволяет получить довольство Всевышнего и радость нуждающихся.