Мақалалар
28 қазан 2020 159
ТАЛАҚ ТӘЛКЕККЕ ТҮСІРМЕС ҮШІН...

Бас мүфти бастамасымен барлық облыс өкілдіктерінде «Отбасы мәселелері бойынша кеңес беру» орталықтары ашылды. Мұнда тұрғындар некедегі негізгі міндеттер, талақ мәселесі, яғни ажырасу, ене мен келін арасындағы кикілжің, ерлі-зайыптылардың мінез тұрғысынан түсінісе алмауы секілді сауалдармен жиі келеді. Шыны керек, бүгінде жат ағымда жүргендердің азғын әрекеті некенің қадір-қасиетіне нұқсан келтіруде. Ер азаматтардың талақ айту құқығын әсіре пайдалануы әйелдің арын таптауда. Тағдырын тәлкекке түсіруде.

Мақалалар
28 қазан 2020 127
ШАХТЕРДІҢ БАЛАСЫ

Кеш мезгіл. Көмір шахтасындағы жұмысшылар жоғарыға шығуға қамданып жатыр. Сыртта бір бала телміріп тұр. Ол – шахтердің баласы. Әкесін күтіп жүр. Үнсіз сабырмен шахта лифттің көтерілгенін күтуде.

Мақалалар
28 қазан 2020 212
ҚАЗАҚТЫҢ ТӨРТ ҚАЗИІ

Биыл – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) құрылғанына 30 жыл. Діни басқарма қалай құрылды? Бастауында кімдер тұрды?

Мақалалар
28 қазан 2020 309
АСПАНДА ҚҰДАЙ КӨРІП ТҰР

Расында, мұндай сөзді бала күнімізде көп еститінбіз. Айтқанын қуаттау үшін «Төбемде Құдай тұр», - деп қоятынбыз. Бұл сөзге аса мән бермейтін едік. Жат ағымдар келіп, Алла аспанда деген мәселені қозғап, бізді бала күніміздегі сөздің мән-мағынасын дін кітаптарынан іздеуге итермеледі. Деструктивті діни ағым жолындағы бауырлар миғраж оқиғасын негіз етіп, неге пайғамбар (с.ғ.с.) Алла Тағаламен тілдесу үшін жеті қабат аспанға көтерілді деп мазаны ала бастады.

Мақалалар
22 қазан 2020 234
АБАЙ ЖӘНЕ ҚҰРАН

Ұлы Абайды әлемге танытқан Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясының бірінші сөйлемі «Үш күндік жолдың бүгінгі, соңғы күніне бала шәкірт барын салды» деген жолмен басталады. Яғни, көркем шығарманың «әл-қиссасы» Абайдың үш жылдық медресе оқуын ойдағыдай тәмамдап, екі ағасымен елге оралған кезін суреттеумен өріледі.

Мақалалар
21 қазан 2020 154
ПРОГРАММИСТ ҚАРИ: «ҚҰРАН ЖАТТАУ ҚИЫН ЕМЕС»

ІХ республикалық «Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу» байқауының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша іріктеу кезеңінде жүлделі үшінші орынды иеленген Болат Кенебаевтың қарилығын әріптестерінің өзі жуырда білді. Ол – ҚМДБ Ғаламтор секторының техникалық қызметкері. Болат қаримен сәті түскен сұхбатымызды назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Мақалалар
14 қазан 2020 267
Тақуа жан болғың келсе, арамнан алыс бол!

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Кім менен мына бес өсиетті алып, оған амал етеді. Яки болмаса, осы өсиеттерді орындайтын адамға айтып жеткізеді?», - дейді. Сонда суырылып ортаға шыққан Әбу Һурайра (р.а.): «Уа, Алланың елшісі, Мен», - дейді. Пайғамбар (с.ғ.с.) «Оның қолдарынан ұстап тұрып: Арамнан алыс бол, адамдардың ең тақуасы боласың.

Мақалалар
14 қазан 2020 355
Имам Бұхари – хадис майталманы

Бұл әлемде осы уақытқа дейін Пайғамбардың (с.ғ.с.) хадисі секілді егжей-тегжейлі терең зерттелген ғылым болмаған. Алдағы уақытта да болмайды-ау, сірә?! Бұл ғылымға өмірін арнаған ғалымдарды санасақ шетін шығара алмаймыз. Кітабы таза сенімді сахих хадистерден тұратын сондай ғалымдардың бірі ретінде көрнекі ұлы ғалым Имам Бұхариді айтсақ болады.

Мақалалар
14 қазан 2020 317
Құлшылық адам мүддесіне жұмыс істейді

Сауап іс жасаған адам жаны жай тауып, ерекше рақат сезінеді. Жүрегін қысып тұрған уайым мен мазасыздық өзінен-өзі ғайып болғандай күй кешеді. Имам Шафиғи (р.а.): «Құлшылықтар адамдардың мүддесіне жұмыс істейді», - дейді. Демек, ғибадаттар шариғат көрсеткен талаптар бойынша жасалса, мұсылманның тұлғалық бейнесін түзете бастайды.

Мақалалар
02 қазан 2020 149
ҚАРТТАРЫМ, АМАН-САУ ЖҮРШІ...

Адам баласының бойындағы бұл ізгі ниет – Жаратушы Иеміз бұйыртқан әрбір секундтың еншісінен бөлінбек емес, бөлінбейді де. Өйткені бүгінгі жас – ертеңгі қарт. Осы заңдылыққа бас иген қазақ қашаннан үлкенді сыйлауда тәспісінен жаңылмаған.

Мақалалар
02 қазан 2020 141
ЖАМАНДЫҚҚА БҰЙЫРУШЫ СЫНШЫЛ НӘПСІ

Хәкім Абайдың «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі: «ішсем, жесем, ұйықтасам» деп тұрады. Бұлар – тән құмары, бұлар болмаса тән жанға қонақ үй бола алмайды. Һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі – білсем екен демеклік...» дегеніндей, нәресте ең әуелі тән қажеттілігіне мұқтаж. Сондықтан да нәпсі қасиеті ақылдан бұрын дамиды.

Мақалалар
30 қыркүйек 2020 5078
Шынайы достық немесе достан дұға...

Достан дұға» деген қазақта әдемі сөз бар. Досқа тілеулес болып, игі дұға жасау бүгінде ұмыт қалған сүннеттердің бірі. Атақты ғалым, имам Шафиғидің баласына Ахмед ибн Ханбал:

Мақалалар
12 қыркүйек 2020 253
Әуелі түйеңді байла немесе Халифа Хз Омардың (р.а.) шешімі

ахаба Абдулла ибн Аббастан (р.а.) жеткен хадисте; Омар ибн Хаттаб (р.а.) Шам[1] өлкесін бет алып, жолға шықты. «Сәрға»[2] деген жерге жеткенде, Шам өңірінің әскербасы сахаба Әбу Убайда ибн Жаррах (р.а.) және қасында бір топ көмекші уәзірлерімен бірге Халифаны қарсы алып, Шам өлкесінде «Оба»[3] ауруының тарап жатқанын хабарлады.