АТ ТЕРГЕУДІҢ АСТАРЫНДА НЕ БАР?
«...Сарқыраманың ар жағында, сылдыраманың бер жағында маңыраманы ұлыма жеп жатыр! Білемені жанымаға жанып-жанып, тез келіңіздер!..» Бұл – Өзенбай мен Қамысбай, Қойлыбай мен Қасқырбай, Қайрақбай мен Пышақбай деген қайнағаларының атын атай алмай, қорадағы қойға қасқыр шапқанын көріп, көмекке шақырған келіннің тауып айтқан сөзі. Ат тергеуге қатысты әңгіме бола қалса, осы тауып айтылған сөз бірден ойға келеді.