Жаңалықтар
24 August 2025 165
Мәуліт айымен Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиевтің құттықтауы

Баршаңызды адамзаттың асылы, екі дүние сәруары ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) туған айы – Мәуліт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.

Жаңалықтар
22 August 2025 12
ҚМДБ жастар секторы «Jas Keñes Sıylığı» шарасына қатысты

Астана қаласындағы Maqsut Narikbayev University кітапханасында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің бастамасымен құрылған «Jas Keñes Sıylığı» тәуелсіз жастар сыйлығының ресми тұсаукесері өтті.

Жаңалықтар
22 August 2025 11
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ «АТА БЕЙІТ» КЕШЕНІНДЕГІ ЗИЯРАТ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасына ресми сапары аясында «Ата бейіт» ұлттық тарихи-мемориалдық кешеніне зиярат етті. Мемлекет басшысымен бірге Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы да кешендегі зиярат рәсіміне қатысты.

Жаңалықтар
22 August 2025 309
Жасанды жолмен жаңбыр жаудырған дұрыс па?

Құранда жауын-шашынның Алланың қалауымен ғана жауатыны баяндалған. Алла Тағала қасиетті Құранда: «Расында, қияметтің қай уақытта орнайтыны бір Алланың құзырында және жаңбырды да (қалған уақытында, қалаған жеріне) Өзі жаудырады», – деген («Лұқман» сүресі, 34-аят).

Жаңалықтар
21 August 2025 9
Өскемендегі дін қызметкерлері Ясауи мұрасымен танысты

Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Түркістан – мыңжылдықтардың сәулесі» атты көрме ашылды. Аталған көрме «Әзірет Сұлтан» қорық-музейі қорынан әкелінген жәдігерлерге негізделіп, Қожа Ахмет Ясауи ілімін насихаттауға арналды.

Жаңалықтар
19 August 2025 12
«Отбасылық кеңес беру орталығы» ашылды

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасы және жарияланған «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында Шымкент қаласы, Абай аудандық «Кенесары хан» мешітінде «Отбасылық кеңес беру орталығы» ашылды.