БАУЫР ДЕГЕН КІМ?
Адам баласы жалғыз өзі жеке өмір сүре алмасы белгілі. Себебі адам болмысынан көппен, қоғаммен күнелтуге жаралған. Бабаларымыдың «Адамның күні адаммен» дейтіні де осыдан болса керек. «Бауыр» сөзі бір әке, бір анадан туған ағайындармен қатар, бір сенімде, бір дінде болған имани бауыр деген ұғымда да қолданылады. Алла Тағала иман келтіргендердің жүрегін бауырмалдық арқылы бір-біріне бекіткен





































