«Ислам тарихының бүгінгі қоғамдағы маңызы» тақырыбында семинар өтті
«Ислам тарихының бүгінгі қоғамдағы маңызы» тақырыбында семинар өтті
«Ислам тарихының бүгінгі қоғамдағы маңызы» тақырыбында семинар өтті
📍Ақтөбе қалалық орталық мешітінде қала имамдарына арналған «Үкім беру мен пәтуа шығарудың жауапкершілігі» атты маңызды семинар өтті.
2025 жылы «Мұнара» телеарнасының шығармашылық және техникалық әлеуетін күшейту мақсатында 10 маман жұмысқа қабылданып, 1 қазаннан бастап эфирлік саясат толықтай жаңартылды. Нәтижесінде телеарна эфиріндегі алдыңғы бағдарламалардың 50 пайызы заманауи талаптарға сай жаңа контентпен алмастырылды.
2025 жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төл басылымдары «Иман» журналының 12, «Мұнара» газетінің 24 нөмірі жарық көрді.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «MUFTIYAT» баспасы есепті кезеңде діни-ағартушылық бағыттағы кешенді жұмыстарды жүзеге асырды. Жазғы діни сауат ашу курстарына арналған оқу құралдарын әзірлеу, мазмұнын жаңарту және қолжетімділігін арттыру басым бағыттардың бірі болды.
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің азаншысы, Ақтөбе облысы өкілдігінде «Уақып» бөлімінің жауапты маманы Жарасқан Әбдісаламов «Aqtobe» телеарнасында қонақ болды.
Ақтөбе облысы бойынша жұма намазынан кейін пәтуа сағаты өткізіліп, келе жатқан Рамазан айына қатысты сұрақтарға жауап берілді.
2025 жылы Дін істері және талдау бөлімі еліміз бойынша 348 дін қызметкерлерін аттестаттаудан өткізді. Оның ішінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының орталық аппаратында еліміздің әр аймағынан ресми бұйрыққа жаңадан ұсынылған 136 дін қызметкері аттестаттаудан өтті.
Бүгінгі таңда елімізде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының филиалы ретінде ресми діни қызмет атқарып отырған 2945 мешіт бар. Оның ішінде 1 республикалық, 3 мегаполистік, 17 облыстық, 472 қалалық, 164 аудандық және 2289 ауылдық мешіт халыққа тұрақты қызмет көрсетуде. 2025 жылдың басынан бері ел аумағында 61 жаңа мешіт ашылып, қазіргі таңда 214 мешіттің құрылысы жүргізілуде, сондай-ақ 545 намазхана үздіксіз жұмыс істеп тұр.
Ақтөбе қалалық «Досжан хазірет» мешітінің имамдарының ұйымдастыруымен «Қолдан-қолға» акциясы аясында мешітке өтініш білдірген 20 мұқтаж отбасыға зекет үлестірілді. Әр отбасына 50 000 теңгеден, жалпы 1 000 000 теңге қаражат берілді.
Қайырқожа мешітінде “Құран тәпсірі – 30 пара” дәрістерін қорытындылау және жамағаттың алған білімін бекіту мақсатында білім сайысы ұйымдастырылады.
Қасиетті жұма қарсаңында Ақтөбе қаласы, Қайырқожа мешітінде қызметтік үй құрылысына қолдау көрсету мақсатында 1 000 000 теңге қаржы табысталды.
Бүгін Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен жұмыс мәжілісі өтті.
ҚМДБ «QAMQOR-SHARAPAT» салттық қызмет көрсету орталығының ел аумағындағы мешіттер жанындағы елуден аса бөлімшесінде 200-ден астам маман қызмет атқаруда.
Ислам дінінің ең басты мақсаты – адамның ішкі жан дүниесін түзеп, оны рухани кемелдікке жеткізу.