Жаңалықтар
05 September 2025 201
БАС МҮФТИ: ДАРА ЖОЛЫМЫЗ – ДӘСТҮРЛІ ИСЛАМ

Әсілінде дәстүрлі дін – біздің дара жолымыз. Бізді басқа мұсылман халықтарынан да ерекшелеп тұрған да – дәстүрмен үйлесім тапқан діни бағдарымыз. Ислам дінін біздің бабаларымыз 1270 жылдан бастап қабылдап, асыл дінді рухани тірегіне айналдырды. Қарахандар мемлекетінің негізін қалаған Сатұқ Боғра хан 955 жылы Ислам дінін қабылдап, асыл дініміздің таралуына жағдай жасаса, 960 жылы Мұса қағанның кезінде Ислам мемлекеттік дін болып жарияланды. Міне, сол кезден бастап Мәуераннахр аймағы ғылым мен мәдениеттің орталығына айналды. Орталық Азиядағы түркі халықтары Ислам дінін қабылдау арқылы әлемдік өркениет пен ғылымға үлкен үлес қосты. Соның арқасында қазақ даласына Ислам өркениеті келді. Ұлы дала төрінде медреселер мен ғылым ошақтары бой көтерді.

Жаңалықтар
05 September 2025 8
ТҮРКИЯДАҒЫ ХАСЕКИ ИНСТИТУТЫНДА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ШӘКІРТТЕРМЕН РУХАНИ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Түркия Республикасына жасаған ресми сапары аясында Конья аймағында орналасқан Хасеки институтына білім алып жатқан қазақстандық шәкірттермен кездесті.

Жаңалықтар
05 September 2025 8
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ТҮРКИЯ ДІН ІСТЕРІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ ӘЛИ ЕРБАШПЕН КЕЗДЕСТІ

Конья қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Түркия Дін істері басқармасының төрағасы, профессор доктор Әли Ербашпен ресми кездесу өткізді.

Жаңалықтар
04 September 2025 29
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ АНКАРАДА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Түркияға ресми сапары аясында Анкара қаласында білім алып жүрген қазақстандық студенттермен жүздесті.

Жаңалықтар
04 September 2025 28
БАС МҮФТИ ТҮРКИЯДАҒЫ МӘУЛІТ АПТАЛЫҒЫНЫҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ

Түркия Республикасының Президенті Әкімшілігіне қарасты Бештепе ұлттық конгресс және мәдениет орталығында Мәуліт апталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Аталған рухани жиынға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысып, Түркиядағы Мәуліт мерекесінде болды.

Жаңалықтар
03 September 2025 22
ҚМДБ ӨКІЛІ ЖАСТАР ҰЙЫМДАРЫМЕН ӨТКЕН КЕЗДЕСУГЕ ҚАТЫСТЫ

Астанадағы Президент орталығы ғимаратында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин жастар ұйымдарының жетекшілерімен кездесті. Жиынға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жастар ісі секторының меңгерушісі Бағыжан Күзекбай қатысты.