#Рамазан2026: Облыстық мешітте әйел жамағатына ауызашар ұйымдастырылды
ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бекіткен Рамазан айының жоспарына сәйкес қасиетті Рамазан айына тұспа тұс келген көрісу күні, «Нұр Ғасыр» мешітінің асханасында 200-ден астам әйел жамағатына ауызашар дастархан жайылды. Шараға мешіт шәкірттері, көпбалалы отбасылар және арнайы қонақтар қатысып, бірлік пен бауырмалдықтың үлгісін көрсетті.



































