Қобдада Пәтуа семинары өтті
Қобда ауданында имамдарына арналған Пәтуа семинары өтті.
Қобда ауданында имамдарына арналған Пәтуа семинары өтті.
Түркия Діни істер басқармасына қарасты Қонья қаласындағы Диянет академиясының Хасеки діни ихтисас орталығында ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) арналған Мәуліт мерекесі аталып өтті.
Алматы қаласында өткен «Отбасы және пайғамбар өнегесі» тақырыбындағы рухани мәуліт кешінде «Хазіреті Әбу Бәкір Сыддық», «Құран інжулері», «Ислам энциклопедиясы» (I–II том), «Таухид», «Пәтуалар жинағы» (I–V том), «Пайғамбар отбасындағы мінсіз мәміле» кітаптарының тұсаукесер рәсімі өтті.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Алматыда «Отбасы және пайғамбар өнегесі» тақырыбында рухани мәуліт кеші өтті. Адамзаттың ардақтысы Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүниеге келген мәуліт айының құрметіне өткен рухани кешке Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысты.
Алматыда «Halal EXPO 2025» халықаралық көрмесі аясында халал стандарттау мен сертификаттау саласына жауапты ұйымдар өкілдерінің қатысуымен маңызды жиын өтті.
Алматы қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен өткен республикалық «Әсем киім – әйел ажары» атты мұсылман әйелдерінің сән байқауы өз мәресіне жетті.
Жұмадағы жүздесу // Зират басын цифрландыру заман талабы \ 43
Қобда аудандық «Шәріп молда» мешітінің ұстазы Баян Мергенғалиқызы әйел жамағатына сенбілік насихат айтты.
Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүниеге келген Мәуліт айының құрметіне орай Ақтөбе қаласындағы «Қабақ баба» мешітінде бас имам Нұрлыбек Молдабайұлының мұрындық болуымен Алла Елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) деген сүйіспеншілікті арттырып, сүннетті жандандыру мақсатында жамағатқа арнап дастархан жайылып, рухани бас қосу ұйымдастырылды.
Қобда ауданында «Әз Пайғамбар — адамзаттың асылы» атты Мәуліт кеші өтті.
ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы халықаралық көрмесінің ашылу рәсімінде үздік халал кәсіпорындар мен мамандарды марапаттады. Олардың ішінде Ақтөбе өкілдігіндегі кәсіпорындардың аудит жұмыстарын жүргізетін технолог Ақмаржан Ержанқызы «Үздік маман», 1 жылда 12 224 мын тонна өнім өндіретін «Таңдем» «Үздік халал кәсіпорын» иесі атанды.
Ақтөбе қаласындағы «Қабақ баба» мешітінің асханасы күрделі жөндеуден өтіп, жамағат игілігіне жаңартылған күйде ұсынылды. Игі іске мешіттің бас имамы Нұрлыбек Молдабайұлы мұрындық болып, ондық алқа мүшелері мен жомарт жандардың демеушілігімен жүзеге асты.
Ақтөбе қаласындағы «Әзіреті Біләл» мешітінде «Мәуліт — жүректерге шырақ жаққан түн» атты рухани кеш өтіп, 60-қа жуық қыз-келіншектер қатысты.
Алматы қаласына жасаған сапарында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қайырымдылық пен имандылықтың өнегесін көрсеткен 94 жастағы Сағадат Жұмабаев ақсақалмен арнайы кездесті.