Жаңалықтар
21 May 2026 83
«Құрбандық пәтуалары» атты семинар өтті

ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде облыс бойынша «Шариғат және пәтуа» бөлімінің жауапты маманы, облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұстазы Талғат Амановтың ұйымдастыруымен Құрбан айтқа орай қала, аудан имамдарына арналған «Құрбандық пәтуалары» атты семинар өтті.

Жаңалықтар
21 May 2026 50
КГУ «ЦСО №2» коммуналдық әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тәрбиеленушілеріне рухани-танымдық кездесу ұйымдастырылды

ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде облыстың Бас имамы Амантай Садиевтің бастамасымен облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде КГУ «ЦСО №2» коммуналдық әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тәрбиеленушілері рухани-танымдық кездесу ұйымдастырылды.

Жаңалықтар
21 May 2026 75
Ақтөбеде имамдардың біліктілігін арттыру семинары өтті

ҚМДБ Төрағасы, Бас Мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарламалық баяндамасына сай имамдардың біліктілігін арттыру мақсатында Ақтөбе облысының имамдарына ақида пәні бойынша семинар ұйымдастырылды.

Жаңалықтар
21 May 2026 74
Бағлан Шежімбай «Жұмадағы жүздесу» бағдарламасына сұхбат берді

Алматы қаласындағы «Нұр Мүбарак» Египет Ислам университетінің оқытушысы, «Әл-Азһар» университетінің түлегі, исламтанушы, Алматы облысына қарасты Талғар аудандық «Әбу Бәкір» мешітінің ұстазы Бағлан Шежімбай республикалық «Мұнара» телеарнасында қонақ болды.

Жаңалықтар
21 May 2026 70
Ақтөбе: Қаланың Бас имамы құрбандық шалынатын арнайы орындардың дайындық жұмыстарын тексерді

Ақтөбе қаласының Бас имамы, ҚМДБ «Халал Даму» орталығының Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілі Алмат Әли Құрбан айт қарсаңында қала аумағындағы құрбандық шалынатын арнайы орындарды аралап, дайындық жұмыстарын тексерді.

Жаңалықтар
21 May 2026 68
«Қасапшылық әдебі және шариғи талаптар» атты семинары өтті

Ақтөбе қаласының бас имамы, ҚМДБ «Халал Даму» орталығының Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілі Алмат Әлидің ұйымдастыруымен және қала имамдарының қатысуымен қасапшыларға арналған «Қасапшылық әдебі және шариғи талаптар» атты арнайы оқыту семинары өтті.

«Ақтөбе» медресе-колледжі
20 May 2026 125
«Ақтөбе» медресе-колледжі: Бітіруші түлектермен кездесу

ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде «Оқу-ағарту» бағытының жауапты өкілі, облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұстазы Досбол Аймырза «Ақтөбе» медресе-колледжінің бітіруші түлектерімен кездесу ұйымдастырды.

Жаңалықтар
20 May 2026 106
Ақтөбе: Құрбан айтқа байланысты қала және ауыл имамдарына алқалы жиын өтті

Ақтөбе облысы өкілдігінде Құрбан айт мерекесіне орай облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамдары Жексенбай Торбаев пен Нұрбол Смағұловтың жетекшілігімен «Qurban 2026» шарасына дайындық жұмыстарын пысықтау мақсатында аудан және қала имамдарына арналған алқалы жиын өтті.

Жаңалықтар
20 May 2026 129
#Құрбанайт2026 : Ақтөбеде Құрбан айтқа байланысты баспасөз мәслихаты өтті

Бүгін Ақтөбе қаласында өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Құрбан айтта арнайы құрбан шалу орындарын белгілеу туралы» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтіп, оған РАНТ мүшесі, Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Жексенбай Торбаев пен «Сүлеймен ата» мешітінің бас имамы Ақылбек Ударкулов, Ақтөбе облысы ветеринария басқармасының басшысы Айбек Сембай, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары Әлібек Бақтияров қатысты.