Ақтөбеде әйел жамағаты Айт мерекесінде ұлттық спортты ұлықтады
Ақтөбе облысы өкілдігінде ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бекіткен Рамазан айының жоспарына сәйкес «Әйел-қыздар» секторы Ораза айт мерекесінің рухани маңызын арттыру және ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында қыз-келіншектер арасында дәстүрлі садақ атудан сайыс ұйымдастырды.



































