АҚ НЕКЕНІҢ МӘНІ МЕН МАҒЫНАСЫ
Дініміз Ислам – адам баласының өміріндегі барлық мәселелерді қамтыған кәміл дін. Асыл дініміздегі кез келген үкім адам баласын екі дүниелік игілілік пен бақытқа жетелейді. Адамзаттың пайдасы үшін баяндалған осындай үкімдердің бірі – некелесу. Алла Тағала адам баласын бір ер, бір әйелден жұп етіп жаратты. Адам баласының ұрпағы некелесу арқылы жалғасады.





































