«Нұр Ғасыр»: Құран оқу курсы жалғасып жатыр
Рамазан айында Құран оқу курсы жалғасып жатыр. Жалпы курсқа қатысатын шәкірт саны 50.
Рамазан айында Құран оқу курсы жалғасып жатыр. Жалпы курсқа қатысатын шәкірт саны 50.
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Шалқар ауданының имамдары зейнетке шыққан мешіт қызметкерлерін зиярат етіп, Рамазан сыйлықтарын табыстады.
Қасиетті Рамазан айы отбасылық мереке. Бұл Рамазанның қадір-қасиетін, ерекшелігін балалар да білуі, сезінуі тиіс. Осыны мақсат тұтқан “Бақытжан” мешіті жамағаты еліміздің болашағы деп, әрі имандылық тәрбиесін жастайынан сіңіру үшін “Ислам және Отбасы құндылығы” жылында балаларға арналған ауызашар берді.
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Рамазан айының жоспарына сай Шалқар ауданы, Бегімбет ауылдық мешітінің имамы Нұрдәулет Әуезовтың ұйымдастыруымен 15 оқушыға «Рамазан тәттісі» табысталды.
Қасиетті Рамазан айына тұспа-тұс келген әз Наурыз мерекесін атап өту исі қазақтың әрқайсысына жарасымды дәстүр. Күн мен түннің теңелетін, ақтың молаятын, табиғаттың жаңғыратын, жаңаратын кезеңі қазақта “Ұлыстың ұлы күні” деп аталады.
Ақтөбе қаласындағы “Қабақ баба” мешітіндегі әйел жамағатының ұйымдастыруымен Наурыз мерекесіне орай “Көктем шуағы, Наурыз думаны!” атты мерекелік ауызашар өтті. Шара Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Рамазан айындағы жоспарына сәйкес, Ақтөбе қаласы, Заречный аумағындағы “Ақбосаға” мейрамханасында 100 адамға қамтылды.
Рамазан айы қарсаңында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бекіткен жоспарына сай Темір аудандық “Досжан Ишан” мешітінде «Рамазан сыйы» атты қайырымдылық шарасы өтті.
Көктем мезгілінің алғашқы мерекесі Ұлыстың ұлы күніне орай ауызашарға жиылған жамағатқа арнайы наурыз көже пісіріліп, таратылды.
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жылдық жоспарына сәйкес имамдар қоғамда ізгі ампл мен қайырымдылық жасауды одан әрі жүйелі түрде жалғастыруда. Қасиетті рамазан айында діни басқарманың 35 жылдығына орай Қобда ауданындағы «Шәріп молда» мешітінің ұйымдастыруымен 35 адамға аяқ киім үлестірді.
Шымкент орталық мешітінде «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында қалалық Құран секторының ұйытқы болуымен қасиетті Рамазан айының құрметіне Қари-ұстаздардың рухани семинары ұйымдастырылды.
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің бекіткен Рамазан айындағы жоспарына орай, Хромтау аудандық «Нұр» мешіті мен «Болашақ жолы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Хромтау қаласының ерлер жамағаты арасында «Рамазан – Құран түскен ай» атты Құран жарысы өтті.
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Рамазан айындағы жоспарына сай Қобда ауданы, Бегалы ауылында Наурыз мерекесі тойланды.
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жылдық жоспарына сай Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінің алаңында «Қош келдің, әз-Наурыз!» атты мерекелік шара өтті.
Ақтөбе қаласындағы «Сүлеймен ата» мешітінде әйел жамағатына ауызашар өтіп, оған 20 әйел қатысты.
Қасиетті Рамазан айында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жоспарына сай Мұғалжар аудандық «Нұртай» мешітінің әйел жамағаты арасында 30-шы параның тәпсірі «әт-Тафсир әл-Мунир» кітабынан және ақидадан Аллаға иман бабы бойынша білім жарысы өтті.