Әйел-қыздар секторы
23 June 2025 148
#Иманижаз2025 : Шәкірттерге “Құранда аты аталған Пайғамбарлар қиссасы” атты анимациялық фильм көрсетілді

Ақтөбе қаласындағы «Бақытжан» мешітінің ұстазы Елшібекова Назерке “Имани жаз” сауат ашу лагерьінің шәкірттеріне “Құранда аты аталған Пайғамбарлар қиссасы” атты анимациялық фильм көрсетті.

Жаңалықтар
22 June 2025 38
«Зекет және қайырымдылық»: Нұр-Мүбарак университетіне қаржылай қолдау көрсетілді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Зекет және қайырымдылық» қоры Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетіне 10 миллион теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетті. Шараға қор директоры Мақсатбек Қайырғалиев қатысты.

Әйел-қыздар секторы
20 June 2025 122
Медицина мамандарынан кеңес берілді

ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде “Әйел-қыздар” секторының ұйымдастыруымен “Ислам және құндылығы” жылы аясында мешіт шәкірттері және болашақ ақ халатты абзал жандар “Мен таңдаған мамандық. Медицина мамандарынан кеңес” атты семинар өтті.

Әйел-қыздар секторы
20 June 2025 137
#Иманижаз2025 : Білім сайысының жеңімпаздары анықталды

Ақтөбе қаласындағы «Әзіреті Біләл» мешітінің жанындағы әйелдерге арналған сауат ашу курсында 9 жас пен 15 жас аралығындағы шәкірттер арасында «Алланың 99 көркем есімі» тақырыбында білім сайысы өтті.

Жаңалықтар
19 June 2025 42
Қарауин университетінде ҚМДБ делегациясына тарихи қолжазбалар таныстырылды

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен Марокко Корольдігіне ресми сапармен барған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының делегациясы Фес қаласындағы әйгілі Қарауин университетінде болды. Сапар аясында делегация мүшелері университет жанындағы көне қолжазбалар сақталған орталықтың жұмысымен танысты.

Жаңалықтар
19 June 2025 40
ҚМДБ делегациясы Марокконың көне Қарауин университетінде болды

Марокко Корольдігіне арнайы іссапармен барған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының делегациясы Фес қаласындағы әлемдегі ең көне жоғары оқу орны – Қарауин университетіне барды. Делегацияны оқу орнының ректоры, профессор, доктор Амал Жәлал мырза өзі қарсы алып, білім ордасының тарихымен және қазіргі тыныс-тіршілігімен таныстырды.

Жаңалықтар
19 June 2025 166
Ақтөбе: Облыстық азаншыларға арналған семинар өтті

Азан — Ислам дінінің ең басты құлшылықтағы мәйегі ретінде намазға шақыру. Азан — Алланың және Алла елшісінің ( Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) есімін жар салу. Сондықтан да ол Ислам дінінің рәміздерінің бірі. Жамағаттың бес уақыт намазға жиылуына сөзсіз азанның әсері мол. Осыған орай, Ақтөбе облысына қарасты қала, аудан мешіттеріндегі азан сапасын арттыру мақсатында ҚМДБ Ақтөбе облысы бойынша өкілдігіндегі «Құран» секторының ұйымдастыруымен «Әдемі әуезді азаншы» атты азаншылар семинары өтті.