Жаңалықтар
26 April 2022 230
Дін жанашыры 15 отбасыға 310 000 теңге көлемінде зекет үлестірді

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлы мен ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының өңірдегі жауапты өкілі Алмат Әлидің мұрындық болуымен 310 000 теңге көлеміндегі зекет қаражатын 15 отбасыға табысталды.

Жаңалықтар
26 April 2022 213
Ақтөбе: Дін жанашыры 25 отбасыға 500 000 теңге көлемінде зекет берді

Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты, дін жанашыры, кәсіпкер Ардақ Садақбайұлы отбасымен бірге облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітіне арнайы келіп, отбасы атынан 25 отбасыға 500 000 теңге зекетін қаржылай тапсырды. Сауапты іс ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының жауапты өкілі Алмат Әлидің мұрындық болуымен жүзеге асты.

Жаңалықтар
26 April 2022 250
«MUNARA TV» МЕН «QAZAQSTAN» ҰЛТТЫҚ ТЕЛЕАРНАСЫ ҚАДІР ТҮНІНДЕ ТІКЕЛЕЙ ЭФИР ҰСЫНАДЫ

Ертең мың айдан да қасиетті Қадір түніне орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төл телеарнасы «Munara TV» мен «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы тікелей эфирде арнайы бағдарлама ұсынады.

Әйел-қыздар секторы
25 April 2022 459
Тұңғыш рет Ақтөбеде қазақы ауызашар берілді

Ақтөбе облысы өкілдігінде «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен Рамазан айының алғашқы күнінен бастап «Бір күнде – бір хатым» жобасы аясында амал етіп жатқан ақ жаулықты аналар мен қыз-келіншектерге облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлының бастамасымен 60 адамға алғаш рет қазақы ауызашар берілді.

Жаңалықтар
25 April 2022 221
Ақтөбе: 60 отбасыға «Рамазан қоржыны» үлестірілді

«Рамазан қоржыны» қайырымдылық акциясы негізінде жүзеге асқан шараға Ақтөбе қалалық орталық мешітінің Бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлы мұрындық болып, көмекке мұқтаж 60 отбасыға азық-түлік үлестірілді.

Әйел-қыздар секторы
23 April 2022 401
Шалқар: «Білім бәйгесі» зияткерлік сайысы ұйымдастырылды

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданының әйел жамағатына аудандағы «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі, «Матай Қоқанұлы» аудандық мешітінің ұстазы Жұлдыз Тлеубайдың жетекшілігімен Рамазан айының құрметіне «Білім бәйгесі» зияткерлік сайысы өтті.