«Qamqor-sharapat» орталығының қызметін жандандыруға арналған семинар ұйымдастырылды 5063

«Qamqor-sharapat» орталығының қызметін жандандыруға арналған семинар ұйымдастырылды

08 December 2025 88 Оқу 1 минут

ҚМДБ-ның жылдық жоспарына сәйкес «Qamqor-sharapat» орталығының қызметін өңірде жандандыру аясында қала имамдарына семинар ұйымдастырылды.

Аталған семинар діни жоралғыларды атқаруда бірізділікті қалыптастыру, шариғат талаптарына сай рәсімдеу және халықтың діни сауатын арттыруға бағытталды.

Ақтөбе қаласының Бас имамы Алмат Әли оқу семинарын ресми ашып, өзектілігіне тоқталды.

Сонымен қатар марқұмның жаназасы, жерлеуі, 40 күндік және 100 күндік садақалары, құдайы ас беру секілді рәсімдерде дастарханның қарапайым болуы, ысырапшылдыққа жол бермеу, дін мен дәстүрдің үйлесімін сақтай отырып өткізу керектігін айтты.

Одан өзге имамдарға діни рәсімдерді ұйымдастыру тәртібі, жамағатпен жұмыс істеу мәдениеті және «Qamqor-sharapat» орталығымен бірлесе қызмет атқарудың маңыздылығы бойынша жан-жақты жіті түсіндірілді.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі