«Қурайлы» мешітіне бас имам тағайындалды
ҚМДБ Ақтөбе облысында «Қурайлы» атты 71 мешіт ашылып, жаңадан ашылған мешітке ҚМДБ төрағасының бұйрығымен бас имам Руслан Елемесов тағайындалды.
ҚМДБ Ақтөбе облысында «Қурайлы» атты 71 мешіт ашылып, жаңадан ашылған мешітке ҚМДБ төрағасының бұйрығымен бас имам Руслан Елемесов тағайындалды.
Қасиетті Рамазан айында ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы іс сапармен Ақтөбе облысына келді. Жұмыс сапары барысы Ақтөбе қаласындағы Қурайлы елдімекеніндегі жаңа мешіттің ашылуына қатысты. Аталған мешіт облыс бойынша 71 мешіт.
Бақытты отбасылық өмірдің шарттары \ Неке және отбасы \ Ажырасудың басты себептері не? \ Ислам және отбасы құндылықтары
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қасиетті Қадір түні елордадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде жамағатпен бірге хатым дұғасын жасады.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы қаласына барған сапарында ғұмырын діни салаға арнап, имамдық етіп, марқұм болған дін қызметкерінің отбасына және науқас имамға қолдау көрсетті.
Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен өткен ауызашар дастарқанында «MUFTIYAT» баспасынан шыққан қос еңбектің тұсаукесер рәсімі өтті.
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің Рамазан айындағы жоспарына сай қасиетті айдың екінші онкүндігінде ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігіне қарасты 12 ауданның 11-де Рамазанның 2-ші 10 күндігінде 96 ауызашар өтіп, оған 8129 адам қатысты.
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің Рамазандағы жоспарына сай Рамазанның екінші 10 күндігінде кептелісте қалған қала тұрғындарына ауызашарға 200-ге жуық су мен құрма таратылды.
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің Рамазан айындағы жоспарына сай қасиетті айдың екінші онкүндігінде Ақтөбе қаласындағы 9 мешітте күнделікті ауызашар берілді.
ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігіндегі «Ақпарат» бөлімінің ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айының құрметіне орай Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінде «Менің алғашқы оразам» атты эссе байқауы өтті.
Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен зиялы қауым өкілдеріне, мүфтият жанындағы Ақсақалдар, Сарапшылар мен Жастар кеңесінің мүшелеріне, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлеріне, сондай-ақ қарттар үйіндегі қариялар мен балалар үйінің тәрбиеленушілеріне ауызашар берілді.
Алматыда ҚМДБ жанындағы Ислам ғылыми-зерттеу институтының директоры, Ғұламалар кеңесінің мүшесі, ф.ғ.к., доцент Төрәлі Қыдыр Қазақ Ұлттық университетінің Филология факультетінде оқытушылар мен студенттерге дәріс оқыды.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Астанадағы Республикалық бас мешітте өткен ауызашар рухани кешінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елордадағы мүфтиятқа қарасты діни оқу орындарына қаржылай сертификат табыстады.
Астанадағы Республикалық бас мешітте өткен ауызашар кезінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 35 жылдығына арналған «Дін мен дәуір» фотокөрмесі ұсынылды.