Жаңалықтар
14 May 2025 407
Ақтөбе: 20 жетім балаға қуаныш сыйлады

ҚМДБ бекіткен “Ислам және отбасы құндылығы” жылы аясында Ақтөбе қалалық орталық мешітінің бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлының бастамасымен ата-анасынан айырылған 20 балаға қамқор болып отырған Жетесовтар отбасына тарту жасалды. Атап айтқанда, 2 қабатты 4 адамға арналған керует сыйға беріліп, 20 балаға тәтті таратылды.

Әйел-қыздар секторы
14 May 2025 304
РАТТ мүшесі радиода қонақ болды

Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының «РАТТ» мүшесі, діни сарапшы,«Бақытжан» мешітінің ұстазы, республикалық «Munara» телеарнасының тілшісі, Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз хатшысы Ақтолқын Орысбайқызы «Тандем» радиосында қонақ болды.

Жаңалықтар
14 May 2025 283
Шалқар: Жас жұбайларға отбасы жауапкершілігі насихатталды

«Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінде өткен неке қию салтанатында жас жұбайларға рухани тәрбие мен отбасы жауапкершілігі жайында тағылымды насихат айтты.

Жаңалықтар
13 May 2025 13
ФОРУМ АЯСЫНДА ИМАМДАРҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

Астана қаласында өткен «Қазақ даласындағы дәстүрлі ислам құндылықтары» атты VI Республикалық имамдар форумына қатысқан дін қызметкерлері үшін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы арнайы семинар ұйымдастырды.

Жаңалықтар
13 May 2025 11
ҚМДБ-НЫҢ 35 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Қазақ даласындағы дәстүрлі ислам құндылықтары» VІ Республикалық имамдар форумы аясында бірқатар дін қызметкерлері ҚМДБ-ның 35 жылдық мерейтойлық медалімен марапатталды.

Жаңалықтар
13 May 2025 10
VI РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИМАМДАР ФОРУМЫНЫҢ ҮНДЕУІ ҚАБЫЛДАНДЫ

Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Қазақ даласындағы дәстүрлі ислам құндылықтары» VІ Республикалық имамдар форумы форумының үндеуі қабылданды. Үндеуді ҚМДБ «Дін мен дәстүр» бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Әуесханұлы оқып берді.

Жаңалықтар
13 May 2025 10
БАС МҮФТИ VI РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИМАМДАР ФОРУМЫНДА БАЯНДАМА ЖАСАДЫ

Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Қазақ даласындағы дәстүрлі ислам құндылықтары» VІ Республикалық имамдар форумында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы баяндама жасады.

Жаңалықтар
13 May 2025 42
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ДІНИ БАСҚАРМАНЫ 35 ЖЫЛДЫҒЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Қазақ даласындағы дәстүрлі ислам құндылықтары» VІ Республикалық имамдар форумына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы арнайы құттықтау хатын жолдады. Президентттің құттықтау хатын Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Жұмабайұлы оқып берді.

Жаңалықтар
12 May 2025 11
РАНТ мүшесі - Ұлытау облысында

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ұлытау облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен РАНТ мүшесі, «Балаби қари» құран жаттау орталығының директоры Арман Қуанышбаев ұстаз Ұлытау өңіріне іссапармен барды.