Жаңалықтар
09 May 2023 395
Шалқар: Әйел жамағаты арасында алғаш рет «Үздік ана – 2023» шарасы өтті

Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінің ұстазы Жұлдыз Тлеубай, психолог маманы Құралай Құрбанова, Жанаман ахун Сейтімұлы мешітінің ұстазы Бақытнұр Нұрмағамбетованың ұйымдастыруымен аналар арасында сайыс өтті.

Жаңалықтар
08 May 2023 454
Имамдар Есет батыр Көтібарұлы кесенесіне зиярат жасады

Шалқар ауданына қарасты қала, аудан мешіттерінің имамдары «Зират және зиярат» жобасы аясында қазақ халқының әйгілі батырларының бірі, Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы ұлт-азаттық қозғалыстың басшысы Есет батыр Көтібарұлы кесенесін зиярат етті.

Жаңалықтар
04 May 2023 785
САҚ БОЛАЙЫҚ! «ҚАЖЫЛЫҚ-2023». ЖАЛҒАН АҚПАРАТ – ЖАРҒА ЖЫҒАДЫ! / ҚМДБ Қажылық бөлімі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2023 жылғы қажылық маусымына ашық конкурс негізінде қажылық орындарын бөлген 18 туроператордың құлшылықты ұйымдастыру барысындағы кедергілері жайлы хабарлаған болатынбыз.

Жаңалықтар
02 May 2023 414
Ақтөбе: Діни бірлестіктер сайысында «Нұр Ғасыр» командасы топ жарды

Ақтөбе қаласындағы «Триатлон» паркінде, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай , облыстық дін істері басқармасының бастамасымен бойынша «Жарық» ҚБ ұйымдастыруымен діни бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен «Көңілді старт» атты спорттық іс - шара өтті.

Жаңалықтар
02 May 2023 476
Шалқар ауданының Бас имамы белсенді ер жамағаты мен әжелерді марапаттады

Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінің бас имамы Абзал Медетбеков белсенді ер жамағаттары мен әйел жамағаттарының ішіндегі Жұмакешова Айғаным Ідірісқызы және Тахаева Гүлдариға Шудабайқызын алғыс хатпен марапаттап, бағалы сыйлықтарды табыстады.

Жаңалықтар
01 May 2023 328
Ақтөбе өкілдігі киелі жерлерге зиярат етті

Отандық туризмді дамытуға үлес қосу мақсатында құрылған ҚМДБ-ның «Darhan Dala» жобасы аясында Ақтөбе өкілдігі киелі жерлерге зиярат етіп, тарихы терең Темір қаласындағы мешіт пен Темір ауданындағы Шұбарқұдық елдімекеніне жақын жердегі қасиетті ата-баба қорымына барып, Қоңыр Қашақ баласы Досжан Хазіреттің басында Құран оқыды.

Жаңалықтар
29 April 2023 551
Ақтөбе облысы зираттарына сенбілік жасалды

ҚМДБ жанынан ашылған «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының «Өткенге құрмет – тіріге міндет» атты бастамасымен Республика көлемінде облыс, аудан, ауылдық жерлердегі мұсылмандар жерленген зираттардың басы, ауласы тазаланып, сенбілік өткізілді.

Жаңалықтар
21 April 2023 870
Лфк «Нұр Ғасыр» командасы халықаралық «Yeleu cup» турнирінде топ жарды

2021 жылы Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітін жанынан құрылған Лфк «НұрҒасыр» командасы Астана қаласында футзалдан ең үздік командалардың қатысуымен өтетін халықаралық «Yeleu cup» турниріне алғаш рет Ақтөбе облысы атынан қатысып, жақсы нәтижеге қол жеткізді.

Жаңалықтар
21 April 2023 1400
ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігі Атыраудағы балалар үйіне қайырымдылық жасады

Ақтөбе қаласындағы «Алақай» балалар қуыршақ театрында «Райян» еріктілер тобының 3 жылдық мерейтойына орай өткен қайырымдылық шарасына ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілі Әли Алмат арнайы қатысып, Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлының құттықтауын жеткізіп, алғыс хат табыстады.

Жаңалықтар
21 April 2023 516
Қобда: Суға кеткен үй иелеріне 500 000 теңге қаржылай қолдау көрсетілді

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің атынан табиғи апаттың бірі – суға кеткен үй иелеріне арнап Бауыржан» мейрамханасында ауызашар беріліп, оған аудан ақсақалдары, қала тұрғындарына және мешіт жамағаты т.б қатысты.