Жаңалықтар
06 June 2024 437
Балалар күні мектеп балаларына қуаныш сыйлады

1-маусым халықаралық балаларды қорғау күніне орай Ақтөбе қаласы «Қабақ баба» мешітінің ұжымы Ақтөбе қаласы, Заречный-3 шағын ауданындағы №61 орта мектебіне арнайы барып, балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Жаңалықтар
05 June 2024 496
Қасапшылар мен молдаларға семинар өткізілді

Қасапшылардың діни сауатын жетілдіру мақсатында «Халал Даму» мекемесінің Ақтөбе бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінде «Қасапшылық – сауапты һәм жауапты іс» тақырыбында қасапшыларға арналған семинар өткізілді.

Жаңалықтар
05 June 2024 581
Ақтөбе имамдарының біліктілігін арттыруға арналған семинар өтті

4-5 маусым күндері Ақтөбе қалалық орталық мешітінде ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігі мен «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының ұйымдастыруымен өңірдегі имамдар мен ұстаздарға арналған семинар өтті.

Жаңалықтар
04 June 2024 541
Шалқар ауданында «Имани жаз – 2024» жазғы сауат ашу курсы өз жұмысын бастады.

Балалардың жазғы демалысын пайдалы өткізу мақсатында жыл сайын ұйымдастырылып келе жатқан бұл жоба аясында биылғы жылы Шалқар ауданы бойынша ер балалардан 50, қыз балалардан 41, жалпы 91 шәкірт Құран әліппесімен танысып, әдеп және имандылық дәрістерімен сусындамақ.

Жаңалықтар
03 June 2024 503
Шалқар аудандық "Матай Қоқанұлы" және қалалық "Жанаман ахун Сейітімұлы" мешітінің ұйымдастыруымен 1 маусым «Дүниежүзілік балаларды қорғау» күні аталып өтті.

Шалқар аудандық "Матай Қоқанұлы" мешітінің бас имамы Абзал Медетбеков қонақтарды және балаларды мерекемен құттықтап, олардың діндегі орны жайында тілге тиек етті.