ҚМДБ МЕН ИНДОНЕЗИЯ ҒҰЛАМАЛАР КЕҢЕСІ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Астана қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезі аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мен Индонезия Ғұламалар Кеңесі төрағасының орынбасары Әнуар Аббас екіжақты ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.





































