Жаңалықтар
28 February 2026 27
ӘДЕПТІЛІК – КӨРКЕМ СИПАТ

Адамның сыртқы келбеті қаншалықты сұлу болғанымен, оның шынайы болмысы мен ішкі руханияты тек әдептілік арқылы ғана көрініс табады. Әдептілік – адам бойындағы ең асыл қасиеттердің жиынтығы әрі рухани кемелдіктің айқын белгісі. Ол жай ғана қоғамдық ережелерді сақтау емес, ол – өзгелерге деген терең құрмет, кішіпейілділік және парасаттылық. «Әдепті дегенше, әдемі десеңші» деп халық даналығы бекер айтпаса керек. Себебі бойына ізгілікті сіңірген жанның сөзі – шипа, ісі – өнеге, ал болмысы айналасына нұр шашып тұратын көркем сипатқа ие болады.

Жаңалықтар
28 February 2026 149
Рамазан — Құран айы

Рамазан — барша мүмін баласы үшін айрықша мәнге ие қасиетті сәт. Рухани тазару, сабыр мен тақуалыққа тәрбиелену, Аллаға жақындау — осының барлығы өзге айларда сезіле бермейтін тек қана Рамазан берілген ұлы нығмет.

Әйел-қыздар секторы
28 February 2026 81
#Рамазан2026: Оразаға қатысты кітаптар таратылды

ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің Рамазан айындағы жоспарына сай «Ақпарат және қоғаммен байланыс» бөлімінің ұйымдастыруымен оразаға қатысты кітаптар таратылды.

Жаңалықтар
28 February 2026 65
#Рамазан2026: Рамазан құттықтаулары табысталды

ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Хазірет пен облыстың Бас имамы Амантай Садиевтің Рамазан құттықтаулары ҚМДБ Ақсақалдар кеңесінің мүшесі мен зиялы қауым өкілдеріне табыстады.

Әйел-қыздар секторы
27 February 2026 247
#Рамазан2026: Сектор жетекшісі шәкірттермен кездесті

ҚМДБ-ның бекіткен «Ислам және адал қоғам» жылы аясында Ақтөбе облысы бойынша «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Кенжегүл Кушкарова «Ақтөбе» қыздар медресе-колледжінің шәкірттерімен кездесті.

Жаңалықтар
27 February 2026 58
#Рамазан2026: «Рамазан – адал қоғамды қалыптастыратын ай» атты шара өтті

Ақтөбе қаласында «Сүлеймен ата» мешітінің ұстазы Қайрат Дәрменовтың ұйымдастыруымен мешіт жамағатына ауызашар барысында «Рамазан – адал қоғамды қалыптастыратын ай» атты тақырыпта шара өтті.

Әйел-қыздар секторы
27 February 2026 105
#Рамазан2026: Облыстық мешітте нутрициологпен кездесу өтті

Ақтөбе облысы өкілдігінде ҚМДБ бекіткен Рамазан жоспары аясында «Ақпарат және қоғаммен байланыс» бөлімі мен «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің конференция залында халықаралық кәсіби нутрициолог Арина Нугмановамен кездесу өтті.

Жаңалықтар
27 February 2026 202
#Рамазан2026: Мұғалжарда мешіт азаншысына автокөлік уақып етілді

Бүгін қасиетті жұма күні Рамазан айының құрметіне орай ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігіне қарасты Мұғалжар ауданындағы Қандыағаш қалалық «Қадырәлі ата» мешітінде азаншы Абзал Абдулхакимге автокөлік уақып етілді.

Жаңалықтар
27 February 2026 31
ТІЛ КЕСАПАТЫНАН САҚТАНУ

Алла Тағаланың адам баласына берген ұлы нығметтерінің бірі – тіл. Халқымызда тілдің қасиеттілігіне қатысты көптеген ұлағатты, даналық сөздердің айтылуы да бекер емес.