Жаңалықтар
28 January 2025 215
ЖШС «АЛИ-ЖАС и К» ұйымы кезекті аудиттен өтті

2024 жылдың қараша айында ЖШС «АЛИ-ЖАС и К» азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ететін ұйым ҚМДБ халал сертификатына ие болды. Қазіргі уақытта ЖШС «АЛИ-ЖАС и К» тау-кен саласында қызмет ететін ЖШС «Восход-Oriel» және ЖШС «Восход Хром» кәсіпорындарының қызметкерлерін сапалы әрі қауіпсіз тамақтандыру қызметімен айналысуда.

Жаңалықтар
28 January 2025 188
Жат діни ағымдардан сақтандыру бойынша ақпараттық түсіндіру жұмысы жасалды

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хәзіреттің бағдарлық баяндамасына орай, 4 бағыттың бірі — жат діни ағымдардан сақтандыру бойынша Шалқар ауданының Бас имамы Абзал Медетбеков пен Шалқар қалалық «Жанаман ахун Сейітімұлы» мешітінің имамы Асан Жетписбаев «№8 ЖОББМ» КММ-нің оқушыларымен «Жат ағым жарға жығады» тақырыбында кездесу өткізіп, басқада діни сұрақтарға жауап берді.

Жаңалықтар
28 January 2025 181
«Бақытжан» мешіті: Садақ атудан сайыс өтті

ҚМДБ бекіткен «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хәзіреттің бағдарлық баяндамасына орай, 4 бағыттың бірі — «Дін мен дәстүр» бағытында Ақтөбе қаласындағы «Бақытжан» мешітінің ұйымдастыруымен жамағат арасында ұлттық спортты насихаттау мақсатында садақ атудан сайыс өтті.

Жаңалықтар
28 January 2025 180
«Татуировканың шариғаттағы үкімі» атты пәтуа таныстырылды

ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігіне қарасты барлық мешітте «Пәтуа сағатында «Татуировканың шариғаттағы үкімі» атты пәтуа таныстырылды. Бұл туралы облыстағы «Шариғат және пәтуа» бөлімінің жауапты маманы Талғат Аманов мәлімдеді.

Жаңалықтар
28 January 2025 172
«Қабақ баба» мешіті: Отбасы құндылығын насихаттауға арналған шағын турнир өтті

ҚМДБ бекіткен «Ислам және отбасы құндылығы жылы» аясында Ақтөбе қаласындағы «Қабақ баба» мешітінің ұйымдастыруымен «Спорт — саулық кепілі» атты жамағат пен жамағаттың отбасындағы ер балалар арасында футболдан жарыс өтті.

Жаңалықтар
28 January 2025 186
Шалқар: Балық аулаудан спорттық сайыс өтті

ҚМДБ бекіткен«Ислам және отбасы» құндылығы жылы аясында Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешіті және «Дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығы» КММ ұйымдастыруымен Шалқар көлінің бойында балық аулаудан аудандық спорттық сайыс өтті.

Жаңалықтар
28 January 2025 163
«ҚМДБ пәтуаларын таныстыру» атты қала имамдарына семинар өтті

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде «Шариғат және пәтуа» бөліміне жауапты маманы, облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұстазы Талғат Аманов қала имамдарына семинар өтті.

Әйел-қыздар секторы
28 January 2025 204
Мәртөк: Ата-аналар мен балаларға арналған шара ұйымдастырылды

Жуырда ғана Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы дін қызметкерлеріне Бағдарлық баяндамасын жолдап, 2025 жылды «Ислам және отбасы құндылығы» жылы деп жариялады. Осыған орай, Ақтөбе өкілдігінде отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған іс-шараларды жалғасын тапты.

Жаңалықтар
28 January 2025 10
БАС МҮФТИ ДІНИ БАСҚАРМАНЫҢ ТҮРКИЯДАҒЫ ӨКІЛІМЕН КЕЗДЕСТІ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы мүфтияттың Түркия Республикасындағы өкілі, «Талаба» халықаралық қауымдастығының жетекшісі Абдурашит Карабаевпен кездесті.

Жаңалықтар
27 January 2025 9
БАС МҮФТИ «ХАСЕКИ» АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ҰСТАЗДАРЫМЕН СҰХБАТТАСТЫ

Бүгін Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Түркиядағы «Хасеки» академиясының директоры Мехмет Жейхан бастаған бір топ ұстазбен кездесті.