Жаңалықтар
18 March 2025 34
21 МЫҢ ОТБАСЫҒА «РАМАЗАН СЫЙЫ» ҮЛЕСТІРІЛДІ

Бұл туралы елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде «Зекет және қайырымдылық» қоры Астана қалалық филиал директоры Әли Мырзақұлов хабарлады.

Жаңалықтар
18 March 2025 33
РАМАЗАН-2025: АҚПАРАТ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЕСЕП ТЫҢДАЛДЫ

Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде Ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Нұрсұлтан Ақжол Рамазан айының алғашқы он күнінде атқарылған жұмыстарды таныстырды.

Жаңалықтар
18 March 2025 39
КАИРДЕГІ «СҰЛТАН БЕЙБАРЫС» МЕШІТІНДЕ ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТТАРЫНА АЛҒАШ РЕТ АУЫЗАШАР БЕРІЛДІ

Қазақстан Республикасының Мысыр Араб Республикасындағы Елшілігінің бастамасымен және ҚМДБ өкілдігінің ұйымдастыруымен алғаш рет Каирдегі тарихи «Сұлтан Бейбарыс» мешітінде Қазақстан азаматтарына ауызашар берілді.

Жаңалықтар
18 March 2025 274
Ырғыз жамағатына ас беру мәдениеті түсіндірілді

Ырғыз ауданының бас имамы Ардақ Жұмабекұлы мешіт жамағатына елордада өткен «Ислам – мәдениет пен ізгіліктің бастауы» атты имамдардың IV республикалық форумында қабылданған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Ас беру мәдениеті» атты құжатын таныстырды.

Жаңалықтар
18 March 2025 247
Алға мешітінде 35 мұқтажға азық-түлік таартылды

Алға аудандық «Хазрет Мұхаммедқазы Меңдіқұлұлы» мешітінде аудан бас имамы Абдуахид Абдурасулов имамның ұйымдастыруымен Ораза айында ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының «Рамазан сыйы» бастамасына орай аз қамтылған 35 отбасыға Рамазан айы құрметіне азық-түлікпен қайырымдылық таратылды.

Жаңалықтар
18 March 2025 296
Имамдар ұлттық киімдерді дәріптеді

ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігіне қарасты облыстың Бас имамы Амантай Садиев бастаған қала, аудан мешіттерінің имамдары «ұлттық киім күніне» орай халық арасында қазақи үлгідегі киім үлгісін киюді насихаттап, дін мен дәстүрдің егіз ұғым екенін әрқашан дәріптеуде.