Шалқарда үздік шәкірттер марапатталды 5099

Шалқарда үздік шәкірттер марапатталды

19 December 2025 55 Оқу 1 минут

Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінің ұйымдастыруымен күндізгі «Діни сауат ашу» курсының үздік шәкірттері марапатталды.

Жыл басында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарлық баяндамасы негізінде жамағаттың діни сауатын арттыруға бағытталған «Діни сауат ашу» курсы өз жұмысын бастаған болатын. Курс барысында шәкірттер Құран әліппесі, тәжуид қағидалары, араб тілінің бастауыш деңгейі, сира және фиқһ пәндері бойынша білім алды.

Жыл соңында ұстаз Жұлдыз Тлеубай шәкірттерден қорытынды емтихан қабылдады. Нәтижесінде үздік нәтиже көрсеткен 7 шәкіртке алғыс хаттар мен арнайы сыйлықтар табысталды.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі