«Әйел-қыздар» секторы қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырды
Ақтөбе облысы өкілдігінде «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен қайырымдылық жәрмеңкесі өтті.
Шараның басты мақсаты – мұқтаж жандарға қолдау көрсету, қоғамда мейірімділік пен жомарттыққа насихаттау мен қатар «Muftyat» баспасынан шығатын кітаптарды жамағат назарына ұсыну.
Жәрмеңкеде «Muftyat» баспасының кітаптары, қолдан жасалған қолөнер бұйымдары, үй тағамдары, тәттілер мен бәліштер болды.
Сауабы мол шарада жиналған барлық қаражат мұқтаж жанға садақа ретінде табысталды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі












































