ТҮС ЖОРУ ХАРАМ БА?
Түсті жоруға шариғи тұрғыдан рұсат етіледі[1]. Өйткені Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) түс жорыған әрі кейбір сахабаларына да рұқсат берген.
Ибн Аббастан жеткен риуаятта: «Бір кісі Алла Елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) келіп көрген түсін айтып береді. Сонда Әбу Бәкір оны жоруға рұқсат сұрайды. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) оған рұқсат береді. Содан кейін Әбу Бәкір: «Дұрыс жорыдым ба, әлде қателестім бе?» деп сұрағанда, ол (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кейбірін дұрыс жорыдың, кейбірінен қателестің» дейді»[2].
Имам Мәлик былай дейді: «Түсті жақсы жори алатын адам ғана жорысын. Егер түсі жақсылықты білдірсе айтсын. Ал жамандықты білдірсе, сонда да жақсы сөз айтсын болмаса үндемесін»[3].
Сондықтан түс жору харам емес. Бірақ оны жақсы жори алатын адам ғана жорыған дұрыс.
ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі
[1] https://www.dar-alifta.org/ar/fatawa/17486/%D8%AD%D9%83%D9%85-
[2] Бұхари, №7046. Муслим, №2269.
[3] Ибн Абдулбәр, «әт-Тәмһид лимә фи әл-муатта мин әл-мәғәни уә әл-әсәнид», 1/288.