#Құрбанайт2025 : Облыстың Бас имамы құрбандық шалынатын орындардың дайындығын тексерді
Ақтөбе облысының Облыстың Бас имамы Амантай Садиев пен облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Алмат Әли және «Бақытжан» мешітінің ұстазы Еламан Кәрім, «Қабақ баба» мешітінің бас имамы Нұрлыбек Молдабайұлы Ақтөбе қаласы бойынша құрбан айт күндері құрбандық шалынатын орындардың дайындығын тексерді.
Сонымен қатар өңірдегі құрбан шалынатын орындардың бірі – 41 разъезд мекен-жайы бойынша орналасқан «Айбек» СПК ет комбинаты мен «Есік» ЖШС мал базарының басшылығымен кездесіп, құрбан шалу рәсімі толық түсіндіріліп, дайындық жұмыстары пысықталды. Одан өзге кездесуде қосымша қасапшылар т.б мамандармен қамтамасыз ету мәселері қарастырылды.
Облыстың Бас имамы санитарлық талаптардың орындалуын алдын-ала қадағалуды басты назарға алу керектігіне тоқталды.
Ұстаз Еламан Кәрім ЖК «Қасымов и К»-ға, имам Нұрлыбек Молдабайұлы “Дала елі” қасапханасына барып, дайындық жұмыстарын жіті назарға алды.
Айта кетсек, биыл құрбан айт 6,7.8 маусым күні өтеді. Ақтөбе облысы және қала әкімдігінің қолдауымен ұлық мейрамды жоғары деңгейде өткізу үшін Құрбандық шалу рәсімі бекітілген Ақтөбе қаласында 4 жерде құрбандық шалуға болады: «Есік» ЖШС (Мал базары), «Айбек» СПК (41-ші разьезд), ЖК «Қасымов и К» (Жаңақоныс), ЖШС «Дала елі» (Алматы ауданы).
ҚМДБ биыл да ел мұсылмандарының жеңілдігі үшін онлайн форматта етке тапсырыс беріп, өтініш білдіру үшін арнайы https://qurban.muftyat.kz/ сайты іске қосылды. Бұл сайт арқылы шамасы келген азаматтар құрбандық шалу өкілдігін мешіттегі дін қызметкерлеріне табыстап қой және ірі қара секілді малдарға тапсырыс бере алады. Аталған сайт арқылы мұқтаж жандар ет алуға өтініштерін қалдыра алады. Онлайн түрде құрбан шалам деушілер сайт арқылы құрбандық малын таңдап, көрсетілген реквизитке қажетті қаражатты аудара алады. Қой мен ешкіні жеке адам, ал ірі қара мен түйе малын бір немесе 7 адам бірігіп шалса болады. Бұдан кейін төлем барысында хабарламаға тапсырыс нөмірі мен құрбандық шалушының аты-жөнін жазу міндетті. Құрбандық шалынған соң оның фото және бейне есебі тапсырыс беруші көрсеткен вацап нөмірге жіберіледі. Онлайн құрбан шалу туралы толық шарттары сайтта көрсетілген. Сайт арқылы қабылданған құрбандық тапсырысы осыаталған 4 мекен-жайда сойылып, бөлшектеліп әрі пакетттелген соң, әкімшілік бөлген «Рефрижератор» көліктері арқылы сайтқа өтініш білдірген және оффлайн қабылданған тізімдер бойынша еріктілердің көмегімен мұқтаждардың үйіне тегін жеткізіледі. Мал соятын орында тәртіп сақшылары, жедел жәрдем қызметі және басқа да қызметкерлер болады. Барлық қызмет санитарлық талаптарға сай орындалады. Ескертетін жағдай, сайтта көрсетілген бағаға қасапшының ақысы да кіреді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітіінң баспасөз қызметі