Ақтөбе облысы өкілдігі балаларға қуаныш сыйлады (ФОТО)
ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігі балаларды қорғау күніне орай «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында балаларға қуаныш сыйлады.
Өкілдікке қарасты облыс, қала, аудан, ауыл мешіттері мен «Жастар іс» және «Әйел-қыздар» секторы сан алуан шаралар ұйымдастырды.
Сонымен қатар діни бірлестіктер арасындағы байқауда да имамдардың балалары белсенді қатысып, топ жарды.
Ал «Жастар ісі» секторы «Аяла» арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығына барып, мерекелік дастарқан жайып, «Фобиа шоу» бағдарламасымен түрлі жануарлармен ойын өткізді.
«Әйел-қыздар» секторы балаларға тәттілер үлестірсе, имамдар мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы мерекелік тарту жасады.
«Алла Тағаланың аяты мен пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ғибратты жолы өркениет пен тіршіліктің дамыған, ақпараттың жылдам таралған кезеңінде де заман көшінен қалмайды. Пайғамбарымыз айтқандай, ешкім ұрпағына тәрбиеден артық дүние қалдыра алмайды. Мал-дәулеттің, ризық-несібенің, мансаптың өлшемі бар. Кезі келгенде ол да таусылады. Ал, тәрбие жүрекке қонады. Ата-ана алдындағы бірінші міндет – балаға жақсы ат қою. Сән қуып мәнсіз есім таңдасақ, Алла елшісінің сүннетіне қайшы келеміз. Екіншіден, баланы жастайынан көркем әдепке баулу керек» деп бала тәрбиесі туралы дін мамандары айтты.
Шара қортындысында ата-аналар Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мен имамдарға алғысын білдірді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram