4 Сафар
#Құрбан айт2025 :  Айттың екінші күнінде 479 отбасыға 4 тонна 934 кг ет таратылды (ФОТО) 4580

#Құрбан айт2025 : Айттың екінші күнінде 479 отбасыға 4 тонна 934 кг ет таратылды (ФОТО)

06 маусым 2025 78 Оқу 1 минут

Құрбан айт – Жаратқанға жақындау мен қайырымдылықтың мерекесі. ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бастамасымен іске асып жатқан «QURBAN — 2025» қайырымдылық акциясы аясында Ақтөбе облысы өкілдігі бойынша құрбан айттың екінші күнінде облыс бойынша 7 ірі қара, 138 қой құрбандыққа шалынып, 3 мекеме, 479 отбасыға 4 тонна 934 кг ет таратылды.

Айта кетсек, бірінші күнінде облыс бойынша 35 ірі қара, 523 қой құрбандыққа шалынып, 5 мекеме, 1524 отбасыға 21 тонна, 409 кг ет үлестірілді.

Арнайы жеткізу қызметімен жеткізілген құрбандық еттерін алған қала тұрғындары «QURBAN — 2025» қайырымдылық акциясын өткізуге атсалысқан жергілікті билік мен облыс, қала, аудан мешіттеріне, жомарт жандар мен еріктілер тобына үлкен алғыс білдіріп, Алланың ризалығы мен сауабын тіледі.

Алла Тағала ізгі ниетпен шалған құрбандықтарымыз бен дұға-тілектерімізді қабыл етсін!

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі