Зекет өкілі «Ел үлесі пәтерге» жобасы аясында баспана сыйлаған отбасыларды айтпен құттықтады
Бүгін Құрбан айттың үшінші күні «Зекет және қайырымдылық» қорының Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілі Алмат Әли және еріктілер тобы былтырғы және биылғы Рамазан айында «Ел үлесі пәтерге» жобасы аясында баспана сыйлаған отбасыларға арнайы зиярат жасады.
Айт – ағайынның ауызбіршілігін арттыра түсетін, мұсылман қауымын имандылыққа ұйытып, барша адамды қанағат пен тәубеге шақыратын мейрам. Осыған орай зекет өкілі құрбандық еттері мен азық-түлік қоржындарын табыстады. Сонымен қатар ұлық мереке Құрбан айт мерекесімен құттықтап, отбасыларға ақ жарма тілегін білдірді. Ал көпбалалы аналар алғыстарын айтты.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram