#Иманижаз2025 : Шәкірттерге балмұздық таратылды 4652

#Иманижаз2025 : Шәкірттерге балмұздық таратылды

03 шілде 2025 75 Оқу 1 минут

Хромтау аудандық «Нұр» мешітінде өтіп жатқан «Имани жаз-2025» жазғы сауат ашу курсының шәкірттеріне балмұздақ таратылды.

Іс-шара балалардың жазғы күндері көңілді әрі есте қаларлықтай өтуіне үлес қосу мақсатында ұйымдастырылды. Жазғы лагерь күндерінде дәстүрлі түрде осындай игі бастамалар мешіт тарапынан жиі өткізіліп тұрады.

Айта кетейік, «Имани жаз» курсы шәкірттерге Құран әліппесін үйретіп қана қоймай, олардың жан-жақты рухани дамуына, тәрбиесіне және ұлтжанды, мейірімді тұлға болып қалыптасуына бағытталған.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі