3 Сафар
#Құрбан2025 : Айттың үшінші күні 415 отбасыға 3 тонна, 268 кг ет таратылды 4583

#Құрбан2025 : Айттың үшінші күні 415 отбасыға 3 тонна, 268 кг ет таратылды

08 маусым 2025 66 Оқу 1 минут

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бастамасымен іске асып жатқан қайырымдылық акциясы аясында құрбан айттың үшінші күні облыс бойынша 14 ірі қара, 42 қой, 6 ешкі құрбандыққа шалынып, 1 мекеме, 415 отбасыға 3 тонна, 268 кг ет таратылды. 

Биылғы құрбандық шалу үрдісі де қашықтан және офлайн түрде ұйымдастырылып, Qurban.muftyat.kz сайты арқылы жүзеге асты.

Айта кетсек, айттың бірінші күні Ақтөбе облысы өкілдігі бойынша 35 ірі қара, 523 қой шалынып, 1524 отбасы мен 5 мекемеге 21 тонна, 409 кг құрбандық еттері, ал екінші күні 7 ірі қара, 138 қой құрбандыққа шалынып, 3 мекеме, 479 отбасыға 4 тонна 934 кг ет үлестірілді.

Үш күн бойы Ақтөбе қаласында 4 жерде құрбандық шалынды: «Есік» ЖШС (Мал базары), «Айбек» СПК (41-ші разьезд), ЖК «Қасымов и К» (Жаңақоныс), ЖШС «Дала ел» (Алматы ауданы).

Тұрғындар Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлына, имамдар мен ұстаздарға және еріктілерге алғысын білдірді.

Алла Тағала ізгі ниетпен шалған құрбандықтарымыз бен дұға-тілектерімізді қабыл етсін!

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі